[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Жапондық медициналық компания Алматыда обыр сырқатын ерте анықтайтын диагностикалық орталық ашуды жоспарлауда


21.09.2017

Алматы әкімі Бауржан Байбек пен «Medical Excellence Japan» ұйымының вице-президенті Кеничи Комацу кездесу барысында мегаполисте әлемде баламасы жоқ медициналық диагностикалық орталық ашу мүмкіндіктерін талқылады.

К.Комацу өзінің сөзінде өз ұйымының басты миссиясы- жапондық медицина жетістіктерін экспортау екенін, Алматының орталық- азиялық өңірдің бастамасы ретінде таңдалғанын айтты.

«Біз Алматыда тек клиника ғана емес, обырды ерте анықтайтын диагностикалық орталық ашуды қалаймыз, сонда ғана оны емдеудің тиімділігі артады және құны төмендейді. Орталық ең озық технологиялармен жабдықталады. Қаржы инвестициясымен қоса технология трансферті де болады, біз үшін жергілікті мамандардың біліктілігін арттыру маңызды әрі олар Жапонияда тәжірибеден өтеді», -деді «Medical Excellence Japan» вице- президенті.

Мегаполис әкімі өз кезегінде күншығыс елі Қазақстанның басты серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Былтырғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір барысында болат өнімдерін шығаратын «Tokyo Rope Almaty» зауытын ашқан еді. Индустриалды аймақта трансұлттық компанияның инженерлік жүйені қорғайтын өнімдер шығаратын екінші жоғарытехнологиялы зауытының құрылысы салынуда.

«Алматыда жапондық іскерлік клубының ашылуы аясында біз жобаға жан- жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Жапония жоғары технологиялы экономикасымен белгілі және оның кез-келген саласының өнімі өте сапалы. Алматыда өте маңызды клиника ашу жалпы медициналық қызмет сапасын арттырудың басты кепілі болумен қатар оңтүстік астанада медициналық туризмді дамытуға да ықпал етер еді», - деді Бауыржан Байбек.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды және аталған жобаны жүзеге асырудың нақтылы жоспарын жасауға келісті.

Айта кетерлігі, Алматы мен Жапония арасындағы ынтымақтастық динамикалық тұрғыда нығая түсуде, билғы жылдың бірінші жартыжылдығында тауар айналымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 84,9%-ға өсті, қалада 14 біріккен және 21 жапондық кәсіпорын тіркелген.


Возврат к списку