reception@almatytourism.kz

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Туристік-ақпараттық орталығы

tic3.jpgtic2.jpg

Алматы қаласы Әкiмдігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 1/111  қаулысына сәйкес "Алматы қаласы Туристiк ақпараттық орталығы" (бүдан әрі - орталық)  коммуналды мемлекеттiк мекемесi кұрылды.

Алматы қаласының туристiк, мәдени-тарихи, әлеуметтiк-экономикалық қорлары туралы ақпаратты жинақтау, жалпылау,тарату және Қазақстаның үздік туристiк ұсыныстары туралы мәлiметтер Орталықтың негізгі міндеттері  болып табылады

Орталық мемлекеттiк және коммерциялық ұйымдар, кәсiби қауымдастықтар, кәсiпорындар, баспаханалар және БАҚ мекемелерімен ынтымақтасатын болады.

Бiрiншi кезеңде Орталык  тарапынан Алматы қаласының халықаралық әуежайында  ақпараттық орталык ашылады.

Екiншi кезеңде қала орталығында туристердің шоғырлану орындарының бірінде  қосымша ақпараттық орталыгық ашу жоспарлануда.

Аталмыш ақпараттық бағандар карталар, туристік нысандардың жол көрсеткіштері, Алматы қаласы және Алматы облысындағы демалыс, мәдени іс-шаралардың, қазақстандық көрмелер және фестивальдарының анонстары тәрізді ақпараттар мен баспа материалдарын ақысыз негізде ұсынады. 

Сонымен қатар қызығушылық танытқан туристерге қала және қала аймағы бойынша экскурсияға тапсырыс беруге, тарихи-өлкетанымдық әдебиеттер мен сувенирлік өнімдерді сатып алуға көмек көрсетіледі.

Орталықта, арнайы тренингтерден өткен және  қазақ, орыс,  ағылшын тiлдерiн  жетік меңгерген,  Алматы қаласының туристтiк әлеуеті туралы кәсіби деңейде жауап бере алатын мамандар жұмыс iстейдi.

Туристік ақпараттық орталық тәулік және жыл бойы  әуежайға келетін барлық рейстерге үздіксіз қызмет көрсетеді, осыған орай, Алматы қаласының қонақтары кез-келген уақытта Орталықтың қызметкерлерінен кәсіби сауатты көмек қабылдай алады. 

Сондай-ақ, туристер үшін қала туралы барлық мәліметтерді алуға мүмкіндік беретін және қиын мәселелер туындыған жағдайда шұғыл түрде жәрдем беруге арналған жедел желі байланысын ашу жоспарлануда.

Барлық іш-шаралар кешені қызмет көрсету сапасын арттыруға және қалаға келуші туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.