[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматыда халықаралық тау және спорт фестивалі өтеді


25.07.2017

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында 28-30 шілде аралығында Қазақстан Республикасында тау туризмін дамытуға арналған жыл сайынғы халықаралық «international Mountain Sports Festival» фестивалі өтеді.

Халықаралық фестиваль форуммен ашылады. Алқалы жиында Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері мегаполистегі тау шаңғысы туризмін дамыту жоспарымен бөліседі, «ТВЭЛ-курорт» компаниясының бас директоры, фритсайлдан Санкт-Петербург Федерациясының вице-президенті,Сочи Олимпиадасының кеңесшісі Виктор Тимаков тау-шаңғы курорттарының салу мәселелерін және спорттық жарыстарды өткізу сұрақтарына тоқталып, қысқы туризм саласын даму жолдарын талқылайды.

Сонымен қатар, PGImanagement компаниясының президенті Жоан Вильядомат, Қытай елінің қысқы спорт түрлері ассоциациясының бас менеджері, Beijing wanda Culture Industry Group компаниясы бас директорының орынбасары Бин Ву, Полтаваски компаниясының директоры Антон Фалтинский және Грузия мемлекетінің таулы курорттарын дамыту компаниясының бас директоры Александре Онопришвили шараға қатысып, баяндамалар жасайды.

Ал шілденің 29-ы күні спорт сүйер қауым «Шымбұлақ» тау- шаңғы курортында музыкалық-спорт марафоны, құзға өрмелеу жарысы, Медеу мұзайдынында кроссфит және воркаут жарыстарына, ал 30 шілдеде қала тұрғындары мен қонақтары «Жастар шыңына шығу» альпиниадасына қатыса алады.

Осы шараның аясында «Team-bulding» фестивалі, балалар мен жасөпірімдердің «Спорт менің ауламда», «Спорттық Алматы» сайыстары мен шыңға шығудан үш жас ерекшеліктеріне орай «Жастар мен Ересектер», «Балалар» және «Жасөспірімдер» атты халықаралық жарыстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, паркур, воркаут және кроссфиттен ашық чемпионаттар мен Алматы қаласының кубогы бойынша жарыстар өтеді.

Фестиваль қонақтары үшін тау бөктерінде жанды дауыста орындалатын концерттік бағдарлама, флеш-моб ұйымдастырылып, ұлттық сусындар ұсынылады. 13-17 жастар аралығындағы балалар мен жасөспірімдер үшін таулы туризм тақырыбынан шеберлік сыныптары өткізіледі.

Бұл халықаралық фестиваль барысында Алматының туристік имиджі және көпшіліктің тау туризміне деген қызығушылығы артатын болады.

Алқалы спорттық шараны ұйымдастырушылар: Алматы қаласының әкімдігі және «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты.

Халықаралық тау спорты фестивалініңбағдарламасы:

28 шілде

-Халықаралық форум

29 шілде

- Музыкалық-спорт марафоны («Шымбұлақ» ТШ)

- Шыңға өрмелеужарысы (Алматы аңғарының орман шаруашылығы)

- Кроссфит және Воркаут жарысы («Медеу»)

30 шілде

-Жастар шыңына шығу альпиниадасы («Шымбұлақ» ТШ)

- Отбасы күні («Шымбұлақ» ТШ)



Возврат к списку