[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматыда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні атап өтілді


04.06.2017

Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 1992 жылдың 4 маусымында еліміздің мемлекеттік рәміздерін –Туды, Елтаңба мен Әнұранды бекіткен еді.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек шынайы патриотизм мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталатындығын айтты. Өйткені, олар мемлекеттікті, тәуелсіздікті, көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігін білдіріп, ұлы істер мен ұлттық мақтаныштың қайнар көзі болып табылады.

«Біз, алматылықтар мемлекеттік рәміздердің,Конституцияның, ұлттық валютаның Алматыда бекітілгені үшін мақтанамыз. Бұл - біздің туған өлкеміздің, жалпы еліміз тарихының алтын парақтары. Мемлекеттік рәміздердің терең мағынасы мен мәні бар. Олар ұлттық рухты, тарих пен мәдениетті, еліміздің қайталанбас ғаламат бейнесін айшықтайды. Президент айтып өткендей, жеке ұлттық кодқа айналып, кез –келген ұлтты өміршең ұлтқа айналдырады. Сонымен бірге, мемлекеттік рәміздер Елбасы жариялаған жаңару рухының баға жетпес іргетасы болумен қатар, халқымызды өрелі биіктерге жетелейді. Ал, бұл- ашықтық, өзгеріске дайын болу, болашаққа ұмтылу. Тәуелсіз Қазақстанның басты мақсаты - бәсекге қабілетті дамыған елдердің қатарына еніп, қуатты да айбынды елге айналу», - деді Б.Байбек.


Ол сонымен қатар өскелең ұрпақ үшін мемлекеттік рәміздердің тәрбиелік мәні орасан екенін де айтты. Қоғамдық сананың өзгеруі ХХІ ғасырдың басты мұраты- білімге, ашықтыққа, креатвитікке, прагматизмге жол ашады. Бұл - адам ретінде, ұлт ретінде фундаментальді жеңістің басты кепілі.


«Өскелең жас ұрпаққа қажетті барлық жағдайды жасау –біздің кезек күттірмейтін міндеттеріміз. Өздеріңіз білесіздір, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы, 2017 жыл Алматыда «Жастар жылы» деп жарияланды. Осыған орай, мегаполисте «Жастарға 2020 жылға дейін қолдау көрсетудің Жол картасы» жасалды. Ашықтық, есеп беру қағидаларын басшылыққа ала отырып, осынау құжатты жасау барысында біз жастардың ұсыныстарын негізге алдық. Жол картасы қаладағы жастар ұйымдарының арасында қызу талқыланды, Қоғамдық кеңесте мақұлданып, қала мәслихатында бекітілді», -деді қала басшысы.


Атап өтерлік жайт, Жол картасында сапалы білім, тұрғын үй, жұмыспен қамту, тиімді «әлеуметтік лифтер», түрлі бастамаларға қолдау білдіру сияқты бүгінгі күні жастарды толғандыратын мәселелердің бәрі қамтылған.

Мерекелік іс шара концерттік бағдарламаға жалғасты. Алматылық жастар үшін «Мистерионс», «КешYou» топтары, Төреғали Төреәлі, Камшат Жолдыбаева, Әли Окапов, Тұрар Рахимберлин, Жанна Орынбасарова, Ayree және т.б. әншілер өнерлерін көрсетті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығы қала бойынша аталып өтілуде.



Возврат к списку