[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматыда Наурыз мейрамы кең көлемде мерекеленуде


22.03.2017

Алғаш рет Наурыз мейрамы бірден екі алаңда: Астана алаңы мен Алатау ауданындағы Атлеттер ауылында мерекеленуде. Салтанатты мерекелік шараларға 700 - ден астам артистер қатысуда, олардың арасында шығармашылық ұжымдар, би топтары, танымал орындаушылар, көшпелі цирк артистері және басқалары бар. Екі алаңда да музыка аспаптарының, қыран құстардың, қазақ «тазыларының» көрмесі өтіп, қонақтарға бауырсақ, Науырыз көже берілуде.

Алматы мен қала қонақтарын мегаполис әкімі Бауыржан Байбек мерекемен кұттықтады.

«Бүгін Тәуелсіз Отанымыз Қазақстанда күн мен түн теңескен, жан иесін жарастырған Ұлы Мереке! Баршаңызды осынау Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз мейрамы – тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан көпэтносты халқымыздың әрбір өкіліне ортақ қуаныш. Ата-бабамыз бұл мерекені ықылымнан жыл басына балап, «Ұлыстың ұлы күні» деп айрықша атаған. Елбасымыз айтқандай, «Наурыз – барша жұрт тек жақсылық күтетін достық пен бірліктің мерекесі. Оның идеялық мазмұны көлемді, тәрбиелік мәні қарапайым, түсінікті!». Өзара қамқорлық көрсетіп, қол ұшын созуға бастайтын Наурыз – қайырымдылықтың, имандылықтың мерекесі», – деді Б. Байбек.

Алматы әкімі Елбасының саясаты арқасында Қазақстанда тұрақтылықтың, нарықтық экономиканың қалыптасқанын, орасан инвестицияның тартылғанын, азаматтардың тұрмыс жағдайының жақсарғанын атап өтті. Алматылықтар да өздерінің ерен еңбектерімен еліміздің дамуына зор үлестерін қосуда.

«Асқар Алатаудың баурайында орналасқан ару қаламыз – Алматы да жылдан-жылға қарқынды дамып келеді. Мыңжылдық тарихы бар мың бояулы шаһар бүгінде ел экономикасының күретамыры, мәдениетінің, ғылымы мен спортының ордасы. Алматы өткен жылы болжамды көлемі 2,5%-ды құрайтын әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынын сақтады. Барлық маңызды көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізді», - деп атап өтті қала әкімі.


Астана алаңына Наурыз мейрамына орай киіз үйлер, шатырлар, түрлі инсталляциялар орнатылып, халықтың дәстүрін, әдет - ғұрпын көрсететін театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылып, ұлттық спорт ойынндары – қазақша күрес, қошқар көтеру, арқан үстімен жүру, каскадерлердің ат үстіндегі өнері көрсетілуде. « Шатырлы» жәрмеңке кешенінде ұлттық қолданбалы өнер бұйымдары қойылған.

«Тамаша концерт, акробаттардың, цирк артистерінің қызық қойылымдары, ұлттық тағам түрлері ерекше қуантады. Алаңдағы мерекеге балалар, жастар, ересектер көп келіпті. Суық қыстан соң келген Наурыз мерекесі бірлігімізді арттыра түсуде», - деді Астанадан келген Алматы қонағы Сәуле Кожухова.


Дәл осы күні қала әкімі Атлеттер ауылындағы «Алатау» дәстүрлі өнер орталығында да болды. Мұнда қаланың белгілі қолөнер шеберлері өздерінің зергерлік бұйымдарын, кестелі орамалдарын, қамшы және басқа да заттарды көпшілікке ұсынды.

Жалпы, Алатау ауданында орналасқан Атлеттер ауылындағы мерекелік көрініс жаңа қоныстанған байырғы қазақ ауылының бейнесін көрсетеді. Алаңның кіре берісінің екі жағына ескі үлгідегі арбаға тиелген киіз үй қойылған. Мереке қонақтары «Жігіттер», «Қыз қуу», «Аударыспақ» ойындарын тамашалады. Алаңға келген әрбір жан қазақтың түрлі спорт ойындарына қатысып, өзінің күші мен шеберлігін сынай алды. «Қой көтеру», «Ләңгі тебу», «Арқан тартуға» қатысып, жарыс қорытындысы бойынша бағалы сыйлықтарға ие бола алады.

«Мерекелік қызық шаралардың Алатау ауданында өтуі өте орынды. Біз орталыққа бармай, бүгінгі салтанатқа отбасымызбен бірге жаяу келдік. Бізге этноауыл мен жігіттердің өнері ерекше ұнады. Бейне бір бұрынғы ата – бабаларымыз тойлаған көктем мерекесіне тап болғандаймыз. Бүкіл халық болып ән айтып, би биленуде», - деді қалаға қосылған аудан тұрғыны Төлеген Құлышев.

Мереке соңы кешкі бағдарлама мен отшашуға ұласты.




Возврат к списку