[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматы әкімі Қазақтандағы Австрия Елшісімен кездесті


24.02.2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Австрияның Қазақстандағы Елшісі, сонымен қатар Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркменстандағы елшілік қызметті қоса атқарып жүрген Герхард Сайллермен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында Елшіге Алатау ауданындағы индустриалды аймақ пен «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА-тың әлеуеті көрсетілді. Герхард Сайллер мегаполисте болып жатқан реформаларға ерекше қызығушылық танытты.

«Қазақстан нарығына қосылып жатқан австриялық компаниялар саны артуда. Алматыда жүріп жатқан көлік реформасына қызығушылық көп. Біз машина жасауда, ТКШ, химия өнеркәсібін, селден қорғауды және басқа да салаларды жаңарту жөніндегі нақтылы инвестициялық жобаларға қатысу және жан-жақты талқылау үшін австриялық бизнесмендер делегациясын ұйымдастыруды қалаймыз», - деп атап өтті ол.

Өз кезегінде Алматы әкімі Алматы үшін Австрияның инновацияны, тау шаңғысы туризмін дамыту тәжірибесі мен «Ақылды қала» жобасының тартымды екендігін айтты.

«Қаланы одан әрі дамытуға арналған «Алматы-2020» Бағдарламасында экология, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, мемлекеттік-жеке серіктестік принциптері қарастырылған, бұларды жүзеге асыруда екі жақты ынтымақтастықтың болашағы зор деп ойлаймын», - деді Бауыржан Байбек.

2016 жылы Алматы мен Австрия арасындағы тауар айналымы 55,2 млн. АҚШ долларын құраған. Биылғы жылдың 1 ақпаны бойынша қалада 24 біріккен, 48 австриялық кәсіпорындар тіркелген.


Возврат к списку