[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Француздың «Leroy Merlin» ритейлері Алматыда гипермаркет ашады


16.02.2017


Қала басшысы «Leroy Merlin» сынды компанияның келуі өте маңызды әрі оның бренді мегаполистің экономикасы мен келбетіне оң өзгеріс әкелетінін, технология, инновация, білім бағыттарын дамытатындығын айтты.

Компания дүкен сөрелеріне қазақстандық сипаттағы тауарларды қоятын болады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін «Leroy Merlin» Алматыдағы 150 тауар өндірушілермен бизнес-конференция өткізіп, өзара ынтымақтастық, локальді өндірушілер стратегиясын дамыту, өнім жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптарды күшейту мәселелерін талқылады.

«Біз үшін дүкен ассортиментіне отандық өндірушілер тауарларын қою және жергілікті өндірушілер ісін дамытуға ықпал ету маңызды. Орта есеппен біздің дүкендерімізде 35 мыңға дейінгі тауар түрлері болады, сондықтан қазақстандық компаниялардың өздерін көрсете алуларына мүмкіндік мол», -деді Марк Луше.

Қазақстандағы «Leroy Merlin»гипермаркетінің құрылысы қаладан шыға берістегі «Aport» молласы аумағында салынады. Халықаралық компания өз жобасын жүзеге асыруға 10 млрд. теңге жұмсап, 350 тұрақты жұмыс орнын ашады.

«Leroy Merlin» - әлемдік нарықтағы бес бағыт - үй, интерьер, құрылыс материалдары, жөндеу, бақша бойынша жұмыс жасайтын әрі дүниежүзінің 12 елінде 97 мың қызметкері бар жетекші француздық топ. 2015 жылы компанияның тауар айналымы 17,6 млрд. евроны құрады.

Назарларыңызға, Алматыға соңғы жылдары 12 транссұлттық компаниялар келді, олар - McDonald’s, Carrefour, Starbucks, Evonik, Veolia, OBI, Staay Food Group, Medical Union Pharmaceuticals, Hikma Pharmaceuticals, Tokyo Rope Almaty, ЭФКО-Алматы, Leroy Merlin.



Возврат к списку