[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматыда 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада-2017 салтанатты түрде жабылды


08.02.2017

«28-ші Қысқы Универсиада бюджет шығындарын үнемдеуге қарамастан жоғары деңгейде өтті. Алматыға миллиардтан астам көрермен көз тікті. Біз қысқа уақыттың ішінде заманауи жоғары технологиялы нысандар салынғанының куәсі болдық. «Алматы Арена» және «Халық Арена», денсаулық сақтау мен мәдени обьектілер, тұрғын үйлер, халыққа қызмет көрсету орталығы алматылықтардың және еліміздің барша тұрғындарының игілігіне жұмыс істейтін болады», - деп атап өтті өзінің сөзінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев.
Өз кезегінде Халықаралық студенттер спорты федерациясының президенті Олег Матыцин Универсиаданы жоғары деңгейде өткізген Алматыға алғысын айтып, алдағы уақыттарда да биік жетістіктерден көрінуіне тілек білдірді.

«Қайырлы кеш, Алматы! Қысқы Универсиада тарихының тағы бір парағы жабылды. Он екі күн бойы жарыс өтті, міне енді осынау ерекше спорттық шараны ұйымдастырғандарға алғыс білдіретін уақыт та келді. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жарысты жоғары деңгейде өткізген Қазақстан Үкіметіне ризашылығымды білдіремін. Барлық еріктілерге жанқиярлықтары, ерен еңбектері мен мейірімді көңілдері үшін жеке рахмет айтамын. Ойындарды жоғары деңгейде өткізу үшін қала қолдан келгеннің бәрін жасады, дегенмен Алматыдағы Универсиаданы ерекше еткен негізгі фактор бұл емес, бастысы – айтып жеткізуге болмайтын ғажайып ахуал. Мен Алматыға Универсиаданың пайда әкелетініне сенімдімін. Үлкен рахмет!», - деді Олег Матицин.

Салтанатты рәсім барысында Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) туы алдағы қысқы Универсиада астанасы - Красноярск қаласына ресми түрде берілді. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек туды FISU президенті Олег Матыцинге табыс етті, ал ол өз кезегінде оны Красноярск мэрі Эдхам Акбулатовтың қолына ұстатты.

«XXVIII Қысқы Универсиада ойындарының сәтті өтуімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бүгін – барлық командалар бірге жеңіске жеткен айтулы күн. Әлемдік Универсиада тарихының тағы бір мазмұнды парағы жабылғалы тұр. Осы жобаның іске асуына тікелей қамқор болған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, ел үкіметіне алғысымыз шексіз. Халықтың ыстық ықыласы – біз үшін ең үлкен баға. Дүбірлі доданы өткізуге тікелей атсалысқан FISU халықаралық ұйымының өкілдеріне, Қазақстанның студенттік спорт федерациясына, еріктілер мен студент жастарға, жанкүйерлерге алғыс білдіреміз. Келесі Дүниежүзілік қысқы Универсиада 2019 жылы Ресейде алғаш рет өтеді. Қысқы студентік Ойындар Эстафетасын Красноярск – Сібірдің тамаша қаласы қабылдайды. Біз Красноярскіні Универсиаданы лайықты өткізетін мегаполистердің бірі ретінде білеміз. Қала - Ресейдің ірі ғылым, білім және спорт орталығы. Алматыға Красноярскіден үлкен делегацияның келгеніне қуаныштымыз. Универсиада арқасында біз бірімізді- біріміз жете таныдық. Достығымыз ұлғайды. Бұл - екіара ынтымақтастықтың басы ғана, болашақта спорттық қана емес, экономикалық, мәдени байланыстарды дамытатын боламыз. Болашақта Ойындарды жоғары деңгейде өткізулеріңе тілектеспіз. Алматы Унивесриада өткізудегі тәжірибесімен бөлісуге, қолдау көрсетуге қашанда дайын», - деп атап өтті Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде Красноярск мэрі Эдхам Акбулатов қаланың Универсиаданың лайықты астанасы бола алатындығын жеткізді.

«Біз осынау жолда бар күш - жігерімізді жұмсаймыз. Мен жас спортшылардың арманын жүзеге асыратын, жаңа чемпиондарды тәрбиелейтін, планета жастарын топтастыратын FISU-ға өзімнің жеке алғысымды білдіремін! Мен шығысқа тән қонақжайлылықпен, ерекше ахуал орнатқан Алматыға ризамын, мұнда тілмен айтып жеткізуге болмайтын спорттық жеңістер, шынайы адами эмоциялар қалыптасты! Красноярск та Универсиаданы жоғары деңгейде өткізеді деген сенімдемін» , - деді Эдхам Акбулатов.

Жабылу салтанаты аясында телекөрермендер мен кеш қонақтары үшін «Ұлы дала құпиясы» атты фолк пен этно симбиозы қосылған арнайы шоу қойлымы көрсетілді. Ардақ Балажанованың репертуарындағы дәстүрлі ән «Ұлытау» тобының, Жәмилә Серкебаеваның және 150 барабаншының рок –әуені арқасында өзгеше сарынға ие болды.

Қазақстан Республикасының әнұраны ойналған соң «Алматы Аренада» әлемнің 57 елінен келген 2000-нан астам атлеттердің спортшылар шеруі өтті.

Алматыдағы қысқы студенттік ойындар Қазақстанға рекордтық сандағы медальдар әкелді – 26 марапат, оның 11 алтын, 8 күміс және 7 қола медальдар.

Возврат к списку