[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматы мен Лэйк-Плэсид Достық туралы Хаттамаға қол қойды


06.02.2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек АҚШ-тан келген делегациямен кездесті. Кездесу барысында қысқы Универсиаданың бауырлас қалалары ретінде Алматы мен Лэйк-Плэсид арасында Достық туралы Хаттамаға қол қойылды.

Алматы әкімі өзінің сөзінде FISU Универсиада қалалары арасында халықаралық ассоциация құруды жоспарлағанын, сондықтан бүгінгі Хаттама осы бағыттағы маңызды қадам болып табылатынын атап өтті.

«Биылғы Универсиадаға қатысушылар саны жакғынан рекродтық көрсеткішке жетті, жарыстардың битлеттері түгел сатылып кеткен. Халықаралық алқалы жарыстың елімізде өтуі арқасында біздің жакстарымыз бүкіл әлемнен келген студенттермен жүздесті, танысты, өздерінің мәлениеттерін байытты.АҚШ ежелден өзінің спорттық дәстүрімен танымал, сондықтан спорттық туризмді дамыту барысында бізге Лэйк-Плэсидтің тәжірибесі өте маңызды», - деді Б.Байбек.

Өз кезегінде Лэйк-Плэсид мэхрі Крэйг Рэндалл Қазақстанға алғаш рет келгендігін, аз ғана уақыт ішінде еліміздің айтулы жетістіктерге жеткеніне таңданыс білдіретінін айты.

«Біз Алматының көрнекі жерілерімен, көз тартар табиғатымен танысып үлгердік, биік таулар ерекше әсер етті. Универсиада Олимипиада ойындары сияқты өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сіздер тамаша спорт нысандарын салыпсыздар. Мысалы, сонау 30-шы жылдары Олимпиадаға салынған Лэйк-Плэсидегі нысандар әлі де жұмыс істеп тұр. Жастар өз үйлерінің терезелерінен ұлттық құрама атлеттерінің қалай жаттығып жатқандарын көріп, спортқа деген құлшыныстарын арттыруда. Уақыт бұл инвестицияның дұрыс екендігін көрсетті. The New York Times Қазақстанды 2017 жылғы туристік бағыттар тізіміне енгізгені қуантады, бұл Қазақстан басшылығының туризмді дамытуда орасан жұмыстар жүргізіп жатқандығын көрсетеді », - деп атап өтті К.Рэндалл.

Нью-Йорк штатының сенаторы Элизабет Литтл Универсиад а арқасында Алматыға келгенін қуана айтты.

«Мен алмалы округтің өкілімін, бірақ біздің алмалар «Көк базарда» дәмін тақан алматылық алмаға тең келмейді. Алматы елдің қаржы орталығы болғанымен, қалада саябақтардың, демалыс аймақтарының көп екендігін, адамдардың спортпен шұғылдануға құштарлығын байқадым », - деді сенатор.

Кездесу барысында туризмді тұрақты дамыту жөніндегі өңірлік офистің бас директоры Джеймс Маккенна мультипликативті әсердің спорттық туризм дамытуға ықпалы мол екенін айтты..

«Сіздер географиялық жағынан өте жақсы жерге орналасқансыздар, осы бағытта алға жылжу қажет. Спортқа инвесииция қаншалықты көп бөлінсе, әлем де жақсара түседі, өйткені, спорттың адамдарға берері мол», - деді ол өзінің сөзінде.

Американың Лэйк-Плэсид қаласы – 1932 және 1980 жылдарғы Олипиаданың, FISU 1972 жылы өткізген әрі 23 елдің 500 спортшысы 27 спорт түрі бойынша сайысқан қысқы Универсиаданың астанасы.


Возврат к списку