[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматыда Универсиада аясында «Алатау алабында» этно-фестивалі өтуде


02.02.2017

Туристер мен қала тұрғындары жігіттердің өнерін тамашалап, түрлі шеберлік сыныптарына қатысып, киіз үйді қою, киіз басу әдістерімен танысып, ұлттық астан дәм татып, ұлттық термелерді, күйлер мен әндерді тыңдап, зергерлік бұйымдарды көруде.

«Алатау алабында» этно-фестивалі аясында сахнадан ұлттық киімдер, шығармашылық ұйымдардың театрландарылған қойылымдары көрсетіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, этноауылда үш үлкен сфера орнатылған. Оның біріншісінде қонақтарға ұлттық ас ұсынылады, ал екіншісінде қолданбалы өнер жәрмеңкесі өткізіледі, үшіншісінде 300 адамдық концерт залы жұмыс істейді.

Сферлердің ішінде кіші ауылдар, бүркітші, зергерлік бұйымдар ауылы, музыкалық құралдар жәрмеңкесі орналасқан.

«Алатау алабында» этно-фестиваль аясында "Алатау" дәстүрлі өнер театрында күн сайын дәстүрлі музыкадан концерт өтуде.

Мысалы, 3 ақпанда дәстүрлі әндер орындаушысы Нұржан Жанпейісовтың концерті, 4 ақпанда күйші Батыржан Мықтыбаевтың, 5 ақпанда, дәстүрлі әндер орындаушысы Еркін Шүкімановтың өнер кештері, ал 6 ақпанда студент жастардың айтысы, 7 ақпанда Жетісу өңірінің дәстүрлі музыка кештері өтеді.

Атап өтерлік жайт,«Алатау» театрының кинозалында күн сайын сағат 15:00-де отандық тарихи көркемфильмдер көрсетіледі.


Возврат к списку