[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматыда Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылады


01.02.2017

Бүгін Алматыда қала басшылығының, мәслихат депутаттарының, Қоғамдық кеңес мүшелерінің, ҮЕҰ өкілдері мен өзге,лердің қатысуымен ел Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқыланды.

Алматы әкімі Б.Байбек өзінің сөзінде Мемлекет басшысының халыққа ұсынған бұл Жобасы Қазақстанды саяси және экономикалық жағынан ауқымды жаңғырту реформасының жаңа кезеңі болып табылатынын, жаңа жаһандық үрдісте еліміздің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Барлық саяси жауапкершілікті өзіне алған Президенттің сындарлы саясаты арқасында елімізде тұрақтылық қалыптасты, нарықтық экономика жүзеге асты, орасан инвестиция тартылды, азаматтардың тұрмыстық жағдайы жақсарды. Тек Алматының өзінде ғана Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде экономика 100 еседен астам өсті. Бүгінгі күні тұрғындардың жан басына 26 мың евродан келеді. Бес институционалды реформа ларда көрініс тапқан билік өкілеттілігін бөлу арқылы саяси жүйені одан әрі демократияландыру, билік тармақтарының жауапкершілігін арттыру Мемлекет басшысы алға қойған басты бағытты айқындай түседі. Бұлар Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елі қатарына енуіне жағдай жасайды», - деді Б.Байбек.



Алматы кәсіпкерлер Палатасының директоры Юрий Тілеумұратов өзінің сөзінде еліміз жаңғыруының Үшінші кезеңі экономика мен кәсіпкерлікті модернизациялау жүйесіндегі тарихи ауқымды құбылыс екенін айтты. Негізгі бес әлеуетті мүмкіндіктер бизнес саласын жаңа деңгейге көтеретінін, акутальді проблемаларды шешетінін жеткізді.



«Президент Қазақстан халқына Жолдауында игі нәтижеге жету үшін мемлекеттік- жекешелік әріптестік саласын дамытуға ерекше назар аударған. Өткен жылы МЖӘ заңнамасына өзгерістер енгізілді. Алматыда қазірдің өзінде МЖӘ-тің 27 жобасы, Алматы кәсіпкерлер Палатасы ұсынған 11 жоба бар. Біз қазіргі кезде осы жобаларды қарау үстіндеміз, болашақта оларды жүзеге асырамыз. Бұл жобалар әлеуметтік саланы, шағын және орта бизнесті қамтиды», - деп қорытындылады сөзін Ю.Тілеумұратов.



Алматы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов Президенттің халыққа Жолдауын Қоғамдық кеңес жұмысында басшылыққа алатындықтарын атап өтті. Мысалы, қазірдің өзінде қаланың Қоғамдық кеңесі сыбайластыққа қарсы күреске, көлеңкелі экономика қаржысын жарыққа шығару жұмыстарына белсенді түрде кірісіп кеткен.




Возврат к списку