[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматы әкімі Біріккен Араб Эмираттарының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті


31.01.2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасындағы Біріккен Араб Эмираттарының Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса Альжабермен кездесті.

Тараптар инвестициялық және туристік салалар бойынша ынтымақтастықты нығайту, сонымен қатар сауда - экономикалық, мәдени – гуманитарлық байланыстарды дамыту туралы мәселелерді талқылады.

Мегаполис әкімі Алматы қаласы мен БАЭ арасындағы тауар айналымының 2016 жылдың қаңтар - қараша айларында 33 млн. АҚШ доллар ын құрағанын, оңтүстік астанада 22 біріккен және БАЭ-ның капиталымен жұмыс істейтін 60 кәсіпорынның тіркелгендігін айтты.

Кездесу барысында БАЭ Төтенше және Өкілетті Елшісіне Алатау ауданындағы Индустриалды аймақ пен «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА-тің потенциалы ұсынылды.

Өз кезегінде Елші БАЭ компанияларының Алматыдағы бірқатар инфрақұрылымдық жобаларға қатысуларына ықпал ететіндігін жеткізді.

«Біз Алматыда бизнес - ахуалды жақсарту және инвесторларды тартуда тұрақты жұмыстардың жүріп жатқандығын көрдік. Алматы өңірлік қаржы орталығы екен. Қала бұл қырынан Дубай эмиратына өте ұқсас. Бүгінгі күні өтіп жатқан Дүниежүзілік Универсиада Алматының туристік тартымдылыған одан әрі арттыра түсуде. Менің отандастарым да қызығушылық танытуда», - деп атап өтті Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса Альжабер.


Возврат к списку