[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидалары

Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 80 қаулысы

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 10-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                                        К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 80 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 10-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, жалғыз қызмет түрі Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлға.

2. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізу тәртібі

3. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты (бұдан әрі – конкурс) уәкілетті орган өткізеді.

Конкурс өткізу мақсатында уәкілетті орган Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау комиссиясын (бұдан әрі – комиссия) құрады. Комиссияның құрамын және ережесін уәкілетті орган бекітеді.

4. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.

5. Конкурстың өткізілетіні туралы ақпараттық хабарлама уәкілетті органның интернет-ресурсында және республикалық баспасөз басылымында конкурс өткізілгенге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей жарияланады. Конкурстың өткізілетіні туралы хабарлама мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) уәкілетті органның атауы және комиссияның орналасқан орны;

2) конкурстың өткізілетіні туралы толық ақпарат алу әдістері (байланыс телефондары, интернет-ресурс, е-mail);

3) конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдау мекенжайы және мерзімі;

4) конкурстың өткізілетін күні, уақыты және орны;

5) Қағидалардың 6-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі;

6) Қағидалардың 8-тармағына сәйкес конкурстық ұсыныстың мазмұнына қойылатын талаптар.

6. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтініш;

2) Қағидалардың 8-тармағының талаптарына сай келетін конкурстық ұсыныс;

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің* көшірмесі;

4) заңды тұлға жарғысының көшірмесі. Заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариат куәландырған көшірмесі.

Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

7. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың Қағидалардың 6-тармағына сай келмеуі оларды қайтаруға негіз болып табылады.

8. Конкурстық ұсыныс:

1) заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына сілтемені;

2) заңды тұлғаның орналасқан жерін;

3) заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) туралы мәліметтерді (туризм саласындағы жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесін; туризм саласындағы заңды тұлғалардың бірлестігіндегі мүшелікті растайтын құжаттың көшірмесін (бар болса) қоса бере отырып);

4) заңды тұлғаның басшысы туралы мәліметтерді (туроператорлық және/немесе турагенттік қызметтегі жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесін; туристік білімі туралы дипломның көшірмесін және шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы дипломның, сертификаттың, ресми сертификаттың көшірмесін (көшірмелерін) (бар болса) қоса бере отырып);

5) қызметкерлердің лауазымдық міндеттемелерімен қоса штат кестесін (қызметкерлердің туроператорлық және/немесе турагенттік қызметтегі жұмыс өтілін, сондай-ақ шет тілдерін меңгергенін (шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы дипломның, сертификаттың, ресми сертификаттың көшірмесін); туристік қызмет саласындағы шетелдік ұйымда тағылымдамадан өткені туралы сертификаттың көшірмесін (бар болса) қоса бере отырып);

6) заңды тұлғаның жоспарланған шығыстар сметасын қамтиды.

9. Конкурстық ұсыныс парақтары нөмірленген және заңды тұлғаның мөрімен расталып, тігілген түрде конвертте ұсынылады.

Конкурстық ұсыныстың мәтінінде түзетулерге жол берілмейді.

10. Қағидалардың 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін конкурсқа қатысуға берілген өтінішті кері қайтарып алуға болады.

11. Заңды тұлғаның уәкілетті өкілі сенімхатты ұсынған жағдайда конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашу кезінде қатысады.

12. Комиссия мынадай өлшемшарттарды ескере отырып, балл беру арқылы конкурстың жеңімпазын белгілейді:

1) туризм саласындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) туралы ақпарат:

3 (үш) жылдан 5 (бес) жылға дейін – 1 балл;

5 (бес) жылдан 7 (жеті) жылға дейін – 2 балл;

7 (жеті) жылдан 10 (он) жылға дейін – 3 балл;

10 (он) жыл және одан жоғары – 4 балл;

құрылтайшы Қазақстан Республикасының туризм саласындағы заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі болған жағдайда, қосымша 1 балл беріледі;

2) заңды тұлға басшысының туроператорлық және/немесе турагенттік қызметте кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы:

3 (үш) жылдан 5 (бес) жылға дейін – 1 балл;

5 (бес) жылдан 7 (жеті) жылға дейін – 2 балл;

7 (жеті) жылдан 10 (он) жылға дейін – 3 балл;

10 (он) жыл және одан жоғары – 4 балл;

заңды тұлға басшысының туристік білімі болған (1 балл) және ол шет тілін (тілдерін) білген (1 балл) жағдайда қосымша балл беріледі;

3) штатта туроператорлық және/немесе турагенттік қызметте жұмыс өтілі бар, шет тілдерін білетін қызметкерлердің болуы (1 балл);

штатта мынадай:

Қазақстан Республикасының туризм саласындағы заңды тұлғалар бірлестігінде жұмыс өтілі бар (1 балл);

туристік қызмет саласының шетелдік ұйымдарында тағылымдамадан өткен (1 балл) қызметкерлер болған жағдайда қосымша балл беріледі;

4) заңды тұлға филиалының және/немесе өкілдігінің болуы (1 балл); мынадай:

Қазақстан Республикасының қалаларында (әрбір филиал және/немесе өкілдік үшін 1 балл); 

шет мемлекеттердің аумағында филиалдар және/немесе өкілдіктер болған (әрбір филиал және/немесе өкілдік үшін 1 балл) жағдайда қосымша балл беріледі. 

13. Ең жоғары жиынтық балл жинаған заңды тұлға жеңімпаз болып танылады. Екі немесе одан да көп заңды тұлғада тең жиынтық балл болған кезде, комиссия мүшелерінің ең көп даусын жинаған заңды тұлға жеңімпаз болып танылады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.

14. Заңды тұлғаның конкурстық ұсынысы мазмұнының Қағидалардың 8-тармағының шарттарына сай болмауы конкурсқа қатысуға өтінішті қабылдамауға негіз болып табылады. Заңды тұлға оның конкурсқа қатысуға өтінішінің қабылданбағаны туралы жазбаша түрде хабардар етіледі.

15. Конкурсқа қатысуға берілген өтініштерді қабылдау аяқталған күннен кейінгі бірінші жұмыс күні конкурс өткізілетін күн болып айқындалады.

16. Конкурс өткізілген күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурсты өткізудің қорытындылары туралы хаттама жасалады, оған комиссия төрағасы, хатшысы мен мүшелері қол қояды.

17. Конкурсты өткізудің қорытындылары туралы хаттаманың көшірмелері оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей конкурсқа қатысушыларға не олардың уәкілетті өкілдеріне жіберіледі.

18. Конкурсты өткізу қорытындылары туралы қол қойылған хаттаманың мәтіні уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

19. Уәкілетті орган:

1) конкурсқа қатысуға өтініштер болмаған немесе Қағидалардың 14-тармағына сәйкес комиссия оларды қабылдамаған;

2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтініштер ұсынылғанда;

3) конкурс жеңімпазы Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асырудан бас тартқан жағдайларда, 10 (он) жұмыс күні ішінде Қағидаларда белгіленген тәртіппен қайталама конкурстың өткізілетіні туралы хабарлайды.

20. Комиссия шешіміне уәкілетті органға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағым жасауға болады.

Қазақстан Республикасы       

азаматтарының шығу туризмі саласындағы

құқықтарына кепілдік беру      

жүйесі әкімшісінің функциясын    

жүзеге асыратын заңды тұлғаны    

айқындауға арналған          

конкурсты өткізу қағидаларына    

қосымша                

Нысан

Кімге_________________________________
(уәкілетті органның атауы)
кімнен _______________________________
(заңды тұлғаның атауы)

Конкурсқа қатысуға өтініш

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсқа қатысуға рұқсат беруді сұраймын.
      Осы өтінішке мыналарды қоса беремін:
      1.____________________________________________________________
      2.____________________________________________________________
      3.____________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      ______________________________________________________________
      _____________________________________________________________.

      _____________ __________________________________
      (қолы, күні)   (лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса)

      М.О.