Достық атмосфера құрып, қаламыздың оң имиджін қалыптастырудамыз
Достық атмосфера құрып, қаламыздың оң имиджін қалыптастырудамыз
Алматы қаласы Туризм басқармасы 10 күн ішінде Алматы қаласы әуежайының 100 қызметкеріне арналған фасилитация бойынша тренингтер өткізіп,
бүгін аяқтады.
Фасилитациялық тренингтер топтық коучинг, коммуникация дағдылары мен қонақжайлылық стандарттары бойынша тренингтен, топтардағы жаттығулардан тұрды.
Алматы қаласы әуежайының қызметкерлері үшін туристерге және қала қонақтарына қызмет көрсету стандарттары бар жадынамалар әзірленді.
Тренинг барысында қонақжайлылық саласындағы жетістіктің негізгі факторлары, қызметкерлердің мінез-құлық моделi талқыланды, сонымен катар олардың өңірлік және халықаралық деңгейде туризм саласын дамытудағы маңызды рөлі түсіндірілді.
Возврат к списку