21.09.2017 |
Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Тай Клауд Корпорэйшн» негізін қалаушы және ҚХР блокчейн-технологиясы зерттеу орталығының төрағасы Ди Дэнмен кездесті. Кездесу барысында сандық технологияны дамыту және «Смарт-сити» сияқты түрлі жобаларда оны тиімді пайдалануда екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
«TaiCloudCorp» блокчейн технологиясын жасауда Қытай Халық Республикасының жетекші компаниясы болып табылады. Компания Қытайдың қосымша блокчейн Орталығы, Азия блокчейн Қоры,Азияның сандық активтер Коалициясы, Чжунгуаньцунь блокчейн индустриясы Консорциумы және басқа да консорциумдар мен ассоциацияларды біріктіреді.
«Blockchain» барлық салаларда, соның ішінде қаржы (транзакция), әкімшілік (мәліметтердің бірыңғай базасы), медицина (сырқат туралы сандық ақпарат), электронды дауыс беру, жылжымайтын мүлік және басқаларында ұтымды қолданылады.
© 2016 Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы.