Рақмет, сіздің өтінішіңіз қабылданды
Мемлекеттік рәміздер
  • RU
  • KZ
  • EN
Алматы қаласы
Туризм басқармасы

Шығуды шектеу туралы ескерту1

Коронавирус: қазақстандықтарға қай елдерге баруға тыйым салынды Қазақстан Оңтүстік Кореяға қатынайтын авиарейстердің санын азайтып, Иранмен әуе қатынасын уақытша тоқтатады. ҚР Сыртқы істер және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіің азаматтық авиация комитетінде мән-жайды түсіндірді

Өзгерістер 1 наурыздан бастап күшіне енеді. Бұл шешім Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен тарауын алдын алу үшін қабылданды. 2020 жылдың 1 наурызынан бастап келесі әуерейстерінің санына шектеу қойылады:
"Эйр Астана":
- Алматы – Сеул, аптасына 5-тен 1 рейске дейін;
- Нұр-Сұлтан – Сеул, аптасына 2-ден 1 рейске дейін;
Asiana Airlines:
- Алматы – Сеул, аптасына 2-ден 1 рейске дейін;
Mahan Air:
- Алматы – Тегеран, аптасына 1 рет жасалайтын рейс тоқтатыла тұрады.
“Жолаушыларға жақын арада Оңтүстік Кореяға сапардан бас тартқан жөн. Онымен қоса, Оңтүстік Кореядан Қазақстанға оралу бойынша жасалып жатқан шараларды ескерген жөн. Осыған орай, жоғарыда аталған рейстерге 2020 жылдың 1 наурызынан бастап билеттері бар жолаушылар, авибилеттерді сатып алған орындарына қайтаруды рәсімдей алады.Авиабилеттің құны айыппұл санкцияларынсыз толық көлемде рәсімделеді”, - деп хабарлады азаматтық авиация комитетінде.
Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин, Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға ұшатын рейстері қазіргі таңда азаматтарды отанына жеткізумен айналысып жатқандығын хабарлаған болатын. Ол елде қазір 34 мың отандасымыз болса, Иранда 170-ке жуық азаматымыз бар.