u.tourism@almaty.gov.kz

  8(727)394-85-18

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Алматы қаласының Туризм басқармасы «Алматы туралы үздік видео» байқауының басталғанын xабарлайды

Алматы қаласының Туризм басқармасы «Алматы туралы үздік видео» байқауының басталғанын xабарлайды

25.06.2019

Алматы қаласының Туризм басқармасы «Алматы туралы үздік видео» байқауының басталғанын xабарлайды.

Конкурсқа қатысу шарттары:
1. Видеоролик Алматының туристік нысандарына қатысты болуы;
2. Роликте автор қаланың көрікті жерлері мен ерекшеліктерін айтып, өз әсерімен бөлісуі;
3. Видеожұмысты өз YouTube арнасында орналастыру немесе электронды поштаға жіберу, e-mail: bestvideoalmaty@gmail.com.
Жұмыстарды қабылдау 1 шілдеден 12 шілде сағат 23:59 дейін (Алматы уақыты) жүргізіледі.

Байқау талаптары
Xронометраж: 20 секунд – 3 минут аралығы
Формасы: көлденең
Сапасы: кем дегенде 720 р, сапалы сурет және музыка (қараңғы кадрлар мен дыбыс сапасы төмен болмауы)
Кадрлар Алматы қаласы және облысында түсірілуі тиіс. Авторлық құқықпен қорғалған және өзге авторларымен түсірілген дыбыс-бейнелерді көшіруге тыйым салынады.
Тілдер – қазақ, орыс, ағылшын.

Конкурстың ережелері:
18 жастан асқан ҚР азаматтары мен туристтері қатыса алады.
Видео мәтінінде бөгде сілтемелер мен лексика болмауы тиіс.
Ұзақтығы 3 минуттан аспауы тиіс.
Бір қатысушы тек бір ғана жұмыс өткізе алады.
Конкурсқа қатысқан видеоларды жарнамалық мақсатта пайдалану құқығы Алматы қаласы Туризм басқармасына беріледі.

Қатысушылар өздері жайлы ақпаратты (аты-жөні, жасы, елі) және бейнеролик сілтемелерін bestvideoalmaty@gmail.com электронды адресіне 1 шілдеден бастап 12 шілде сағат 23:59 дейін (Алматы уақыты) жолдай алады. Қатысу туралы– 87076918132Чингиз Аманжол.

БАҚ байланысу телефоны: 8-776-735-99-94, 87077305479 Куляна Алина

Возврат к списку