reception@almatytourism.kz

  8(727)394-85-18

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Қазақстанда алғашқы туристік хаб ашылады


30.10.2018

tourism1_done.jpg

Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы VisitAlmaty туристік ақпараттық орталығымен бірлесіп 2018 жылғы 2 қарашада Қазақстандағы алғашқы туристік хабты ашады.

Коворкингті кеңістікте туризм саласы және саяхаттауды ұнататындарға арналған сервистер шоғырланған. Мұндағы түпкі ой — туристерді оңтүстік астананыңкөрікті жерлеріне, Алматы облысының Көлсай көлдеру, Шарын шатқалы сияқты басқа да танымал демалыс орындарына нақты бір жерден жіберу.

Алматы тұрғындары мен қалаға келген қонақтар үнемі жаңалықтардан хабардар болып отыру, қызықты шаралардан қалып қоймау, идея және пайдалы кеңестерін бөлісіп отыру, бірге саяхаттайтын адамдарды табу, автобустарға билеттер сатып алып, ару қаланың сұлулығын жаңа қырынан тану үшін бірден аттану үшінқоғамдастыққа қосылуына болады.

 Туризм орталығының басты артықшылығы — бірегейлігінде, бұл жер жаппай туризмнен мезі болған, бәрін көрдім, білдім деп ойлайтын, жаңа, ерекше дүниелерді жаны қалайтын адамдар үшін қызық. Мұнда өзгеше әрі қызықты сапарларды, мазмұны соны саяхаттарды табуға, әлемнің түкпір-түкпірін көріп қайтқан адамдармен танысуға, билет сатып алу немесе сапардың бағдары жайлы кеңесуге болады.

 Хаб үшін Балуақ Шолақ атындағы спорт сарайының таңдалуы тегін емес. 1967 жылы салынған ғимарат сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады әрі қолайлы жерде оның орналасқан. Бұл жерге келетін қонақтар метро, автобус, троллейбус немесе велосипедпен де жетуіне болады.

 VisitAlmaty туристік ақпараттық орталығы хабтың ашылу салтанатына спорт, еңбек, білім алу және демалыс ұғымдары бірдей маңызды қонақтарды шақырады.

 Алматының мәдениет және туризм орталығы ретінде дамығаны маңызды адамдарды

 Қаланың даңқын әлемге тарататын өзіндік мәдени коды болғаны маңызды адамдарды

 Көшбасшы жастар қаланы өзге қырынан танығанын маңызды адамдарды. Тартымды және прогресшіл адамдарды шақырады.

 

 Анықтама орнына

Visit Almaty ТАО — Алматы қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының жанында құрылған, туристерді күн сайын Алматы мен Алматы облысында уақыт өткізу мүмкіндіктері жайынан хабардар етіп отыратын ақпараттық орталық. Орталықтың міндеттері: туризм өнімдерін халықаралық және ішкі нарықтарда ілгерілету. Visit Almaty жұмысының маңызды бөлігі — туристік әлеуетті арттыру жобаларын іске асыру, өңірдің бәсекеге қабілеттілігі мен туризмді дамыту мүмкіндіктерін, рейтингтерді талдау, сондай-ақ осы саладағы зерттеулерді жүргізу.

Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы 1967 жылы салынған (сәулеткері — Владимир Кацев), 2010 жылы күрделі жөнделген. 2011 жылдан бері Спорт сарайы белсенді түрде пайдаланылып келеді: мұнда 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының жабылу салтанаты, футзалдан 2010/11 жылғы УЕФА Кубогының финалы, волейболдан 2011 жылғы Әлемдік Гран-При кезеңі, дзюдодан 2011 жылғы Әлем кубогының кезеңі, волейболдар әйелдер арасында 2013 жылғы Әлемдік Гран-При кезеңі, бокстан 2013 жылғы Әлем чемпионаты өтті. Қазіргі кезде Спорт сарайында олимпиадалық спорт түрлерінен құрлық және әлемдік деңгейдегі жарыстар, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының шоу-бағдарламалары жиі өткізіледі.

Қосымша ақпаратты visitalmaty.kzсайтынан алуға болады. Онда түрлі туристік бағдарлар көрсетілген, алоқиғалардың бірыңғай күнтізбесінен қаладағы концерт-көрмелерден бастап спорт шараларына дейінгі барлық қызықты оқиғаларды білуге болады.

tourism3_done.jpg


Возврат к списку