[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматыда екі күнге созылған «Star of Asia» музыка фестивалі аяқталды


21.09.2017

«Star of Asia» музыка фестивалінің екінші күні Азия, Қытай, Түркия, Жапония, Корея мен Индияның үздік танымал әншілерінің қызыл кілемше үстімен жүру салтанатымен басталды. Олардың арасында оңтүстік кореялық «U-KISS» К-рор тобы, индиялық әнші Sanah Moidutty, түріктің жұлдызы Murat Boz болды. «Медеу» биік мұз айдынында екі күн бойы шетелік артистермен бірге қазақстандық орындаушылар: Дос-Мұқасан, МузАРТ, Қайрат Нұртас, Мәдина Сәдуақасова, Камшат Жолдыбаева, Әли Оқапов, Ерке Есмахан, Сүндет Байғожин, Зарина Алтынбаева, Маржан Арапбаева, Әлішер Каримов, Roya, Ademi, Аюми, Renzo, Black Dial және басқалары ән салды.

«Бұл менің Қазақстанға алғаш келуім, маған өте ұнады, көрермендер жылы қабылдап, қолдау көрсетуде, әсіресе жергілікті әншілеріге деген қошамет жоғары. Фестивальді өткізу үшін таңдап алынған орын тамсандырады - таудың дәл ортасы. Сіздердің қалаларыңыз өте сұлу екен», - деді қызыл кілемше үстімен жүріп өткен индиялық әнші Sanah Moidutty.

Фотография

Ерекше форматтағы мұндай музыка фестивалі Алматыда алғаш рет өтуде әрі «Азия даусы» конкурсының символикалық жалғасы іспетті. Бұл туралы отандық артистер де өз ойларын білдірді.

«Мен балалық кезімді еске алдым, осыдан 15 жыл бұрын біз бүкіл отбасымызбен «Азия Даусы» байқауын көруге келгенбіз. Жақсы демалып, шетелдік атрситерді де тыңдаған болатынбыз. Биледік, көңіл көтердік. Ал, биылғы фестиваль ауқымды, бәріне ұнап жатыр, оның үстіне шетелдік орындаушылармен танысудамыз. Мен бұл фестиваль жалғасын табады деген сенімдемін», - деді Қайрат Нұртас.

Фотография

Мәдени шараны әлемнің 118 елінің теларналары таратты, олар: АҚШ, Канада, Франция, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Ресей, Қытай және басқалары. Бұлардан өзге, «Star of Asia» фестиваліне «Euronews» телеарнасының арнайы түсірушілер тобы, сонымен қатар Канаданың, Кореяның, АҚШ пен Ресейдің, Индия мен Грузияның және басқаларының танымал журналистері мен блогерлері де келді.

«Алматыда ауқымы кең шығармашылық шара өтуде. Ол бұрынғы «Азия Даусының» жалғасындай. Бүгін біз сол бір кездері ән айтқан орындаушыларды еске алып, заманауи әншілерді тыңдаудамыз. Бұл соңғы фестиваль емес, жалғасы болады деген сенімдемін», – деді Медеу Арынбаев.

Фотография

Концерт барысында пиротехникалық, лазерлік қондырғылар, жарықдиодты конструкциялар, экрандар, ЛЭД-факелдері, жылжымалы сахна ұтымды пайдаланылды. Сахнадағы артистерге жапондық барабаншылар қолдау көрсетті, артистер жарықдиодты костюмдер киді, ретромобильдер, спорт мотоциклдері болды, әуе гимнастарына, каскадерлерге, балет артистеріне,симфониялық оркестрге көпшілік ризашылық білдірді.

Еске салсақ, Медеуде» радиалды формадағы сахна алғаш рет қойылды. Оның техникалық нюансы өте күрделі, сондықтан Қазақстанда мұндай сахналар жасалмайды. Авторлық жоба Германиядан, Ресей мен Украинадан келген әріптестер арқылы жүзеге асты. Порталдардағы вертикалды экран көрермендер мен әншілерді де тамсандырды.

Фотография

Сахнада арнайы көріністер қолданылды, айналмалы механизмдер мен сахналық лифтер жұмыс істеді. Жарық экраны бар екіжақты айналмалы механизмге негізделген сахна әлемдік, европалық және азиялық стандарттарға сай болды. Мұнда биік тау шатқалдары сахна конструкциясын толықтыра түсті.

Атап өтерлік жайт, мәдени шара ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» Бағдарламасы аясында және Қала күні қарсаңында өтті.

Қала тұрғындары мен қонақтарына бір ай бойына 70-тен астам көңіл көтеретін шаралар ұсынылады, олардың арасында жаңаларымен қоса бұрыннан таныс фестивальдер мен концерттер бар..

Фотография

Қала тұрғындары мен қонақтары бір ай ішінде «Көк-Төбе - Опера» халықаралық музыка фестиваліне барып, ашық аспан астында «Оркестрлер шеруін», «Aлма fest» алма фестивалін тамашалап, «ТойҚазан 2017» атты Қазақстан халықтарының ұлттық ас мәзірлері фестивалінен дәм татып, «Gakku даусы» көпмыңдық Open Air ді қызықтап, «Тұлпар» ұлттық киносыйлығын тапсыруға қатысып, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрының «Базарым тарқамасын» спектаклін және басқаларын көре алады. «Almaty Sales Festival: Summer 2017» жеңілдік фестивалі аясында қаланың 100-ден астам сауда орталықтары арзан тауарларды ұсынады.

Қала күні мерекесінде, 17 қыркүйекте «Алматы Аренада» «Muzzone» телеарнасының VI Евразиялық «EMA 2017» музыкалық сыйлығын тапсыру салтанаты өтеді.

Көңілді мәдени бағдарламалардан өзге алматылықтар мен қала қонақтары спорт жарыстарын да тамашалай алады. Олардың ішінде қазақ күресі бойынша көптің көңілінен шыққан «Әлем Барысы» турнирі. 9 қыркүйекте «Alash Pride» палуандарының жарысы өтеді, мұнда ешкімге жеңіліс бермеген Арман Оспанов бразилиялық Тиаго Тавареспен күш сынасады. Биыл «Тур Алматы» веложарысы екі күн бойына 28-29 қыркүйекте өтеді әрі халықаралық көпкүндік турлардың ең маңыздысы болып табылады. «Евроспорт» телеарнасы жарысты тікелей трансляциялайды.

Фотография

Атап өтерлік жайт, «Алматы Аренада» жақын айлар ішінде «ABBA platinum», «А’studio», «Грибы» және басқаларының концерттері өтеді. Республика Сарайында Төреғали Төреәлі, Ваенги, Наргиз Закирова, Павел Воли және басқа қазақ және ресейлік эстрада жұлдыздарының концерттері өтеді.

Қала күніне орай жаяу жүргіншіге басымдық беретін Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр көшелері мен «Астана» алаңын қайта жасау жұмыстары аяқтау жоспарланған және бірқатар әлеуметтік нысандар, аудан әкімдігі, ХҚКО, сот, прокуратура, әділет басқармасы және басқалары орналасатын Наурызбай ауданының әкімшілік орталығы ашылады.

Фотография

Возврат к списку