[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматыдағы халықаралық форумда тау туризмін дамыту мәселелері талқыланды


28.07.2017

Қазақстан Республикасында тау туризмін дамытуға арналған жыл сайын өтетін «International Mountain Sports Festival» фестивалі аясында халықаралық форум өтті. Отандық және халықаралық жүргізушілер әлемдік тау шаңғысы туризмінің жаһандық нарығы, Алматыдағы орны және туристік саланың қала экономикасына ықпалы мәселелерін талқылады.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев өзінің құттықтау сөзінде 2017 жылдың бірінші тоқсанында мегаполиске сырттан 200 мыңнан астам адамның келгенін, өткен жылмен салыстырғанда қонақтар санының 18%-ға артқанын, соның ішінде 24%-дан көбі шетелдік меймандар екенін айтты. Қонақүйлерде көрсетілетін қызмет түрі 18%-ға ұлғайып, 20 млрд. теңгені құраған. Қалада медициналық, спорттық, оқиғалық, мәдени- танымдық, экологиялық, іскерлік, гастрономиялық, шопингтік туризм түрлері дамып келеді. Тау туризміне айрықша назар аударылуда.

Алматы өзінің табиғи-географиялық, геополиткалық ерекшелігіне орай әлемдік тау туризмнің дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеді. Мысалы, таяуда жарияланған Worldwide Costof Living рейтингте Алматының өмір сүру мен жұмыс істеу үшін барынша жайлы әрі арзан қала екендігі айтылған.

«Мемлекет басшысының тұрақты қамқорлығы арқасында Алматыда заманауи спорттық инфрақұрылым қалыптасты, соның арқасында түрлі деңгейдегі спорттық шаралар өтуде. Биыл біз қалада Бүкіләлемдік қысқы студенттік ойындарды өткіздік, бұл мегаполисті әлем жұртына қысқы туризмнің халықаралық орталығы ретінде көрсетіп, бұқаралық спортты дамытуға әрі спорттық ірі жетістіктерге жетуге тың серпіліс берді», - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.

Қазіргі кезде қалада 166 мейманхана, хостелдер, кемпингтер, 2 мыңнан астам кафелер, мейрамханалар, 19 театр, 20 мұражай, 14 көркем галереялар мен көрмелер жұмыс істейді. 569 туристік ұйым өз жұмыстарын жоғары деңгейде атқаруда.Мысалы, 2016 жылы республика бойынша шетелге 9 млн. адам шықса, соның 3 миллионға жуығы алматылықтар. Алматыны дамытудың негізгі драйверінің бірі туризм болуы тиіс, оның үстіне осы салада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік мол.

«Сіздердің әсем тауларыңызды көріп және орасан әлеуетті сезініп, тау туризмін дамыту саласында Алматының қабілеті өте жоғары екенін байқадық, осылайша бірнеше бағыт бойынша ынтымақтастық орнату жөнінде идея туындады. Мысалы, біз өзіміздің тау курорттарымызда билеттер сатқанда «Шымбұлаққа» тегін бару мүмкіндігін немесе керісінше Алматыдан бізге келгенде де қолайлы жағдайларды жасауды қарастырамыз. Соның арқасында турситерді көп тартуға болады.Табиғи құндылық, биіктік пен таулардың қалаға жақындығы қызықтырады. Мұндағы тамаша курорттар қала экономикасын жаңа деңгейге көтереді, өмір сүру деңгейін арттырып, туризм саласындағы бизнесті одан әрі дамытуға жаңа серпіліс береді», - деп атап өтті А. Онопришвили.

Санкт-Петербург фристайл Федерациясының вице- президенті Виктор Тимаков тау туризмін дамытуда Алматының орталық Азиядағы ең тұрақты қала екендігін атап өтті.

«Халықтың 10%-ы – маусым барысында бес рет 200 мың адамнан курортқа келсе, бұл миллион! Ал, бұл Қазақстанның өзге өңірлерін есептемегенде, алматылық агломерация тұрғындары ғана. Мұндай ұтымды алғышарт тіпті әлемде де жоқ. Сіздердің тауларыңыз қанша көлемді алып жатыр? Бұл бір миллион пайызға жуық. Мен туризмді дамыту ісін көпшілікке кеңінен насихаттау қажет екенін атап өткім келеді, соның арқасында қала экономикасы да артып, жаңа жұмыс орындары ашылар еді. Ресей спортшылары мұнда келе ме? Әрине, қуана келеді. Мен өзім сіздердің қалаңызда алғаш болуым, «Шымбұлақ», туралы естігенмін, достарым осында таушаңғысымен сырғанаған. Мен сіздердің тауларыңызға ғашықпын», - деді В.Тимаков.

Халықаралық форумға әлемнің 10 елінен, сонывң ішінде Испаниядан, Германиядан, Грузиядан,Ресейден,Украинадан, Қытайдан, Австриядан және басқаларынан спикерлер қатысты. Warth тау шаңғысы курорты мен Warth Holdind GmbH басқармасының бас директоры, австриялық Гюнтер Оберхаузер курорттың қала экономикасына ықпалы, ал PGI Management бас директоры Джоан Виладомат,Испаниядан келген PGI Management басқарушы директоы Хулио Вентажа Андорр тәжірибесі негізінде Қазақстан таушаңғысы индустриясын дамыту туралы айтты. Форум барысында қысқы спорт түрлері бойынша Қытай Ассоциациясының бас менеджері, Beijing Wanda Culture Industry Group бас директорының орынбасары Бин Ву Қытайдағы таушаңғысы индустриясының дамуы жөнінде сөз етті.

Автриядан келген Warth тау шаңғысы куорты мен Warth Holding GmbH туристік басқармасының бас директоры Гюнтер Оберхаузер тау курортын жедел дамытудағы басты факторлардың бірі - Алматының ірі мегаполис болуы екенін атап өтті. Оның бұл ойын PGI Management бас директоры Джоан Виладома да кұптады, «Андорра - әлемнің ең кіші 9 елінің бірі. Ал Қазақстан - әлемнің ірі 9 елінің бірі» деп атап өтті. Ол Индиядан туристер тартуды ұсынды.«Біз Алматыда индустардың көп екенін байқадық. Олар тау шаңғысы спортын ұнатады. Тау курорты Алматыдан 3,5 сағат қана қашықтықта. Менің берер кеңесім, бұған да назар аударған жөн!».

Сурет: Руслан Канабеков


Возврат к списку