[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматыда табиғаты көркем Алатаудың етегінде II халықаралық «Ұлы дала рухы» - «Дух великой степи» этнофестивалі өтті


26.06.2017

«Боралдай сақ қорғандары» археологиялық паркінде «Ұлы дала рухы» - «Дух великой степи» этномәдени фестивалі өтіп, оған Әзірбайжанның, Болгария мен Венгрияның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдің, Словакияның, АҚШ-тың, Түркияның өкілдері қатысты.

Этноауылға келгендер кәсіби бүркітшілердің, шабандоздар мен көкпаршылардың, садақшылардың, батырлардың шеберліктеріне тәнті болып, ұлттық ойындарға қатысып, ұлттық ас мәзірінен дәм татты. «Ұлы дала рухы» фестиваліне келгендердің барлығы қазақтардың және басқа да түркі халықтарының бай мұрасымен танысты.

Фестивалге келушілер екі күн ішінде көшпенділердің өміріне еніп, олардың ежелгі тұрмысымен, тарихи салт- дәстүрлерімен, әдет- ғұрыптарымен танысып, қазақтардың көне тұрмыс- тіршілігінен хабардар болды,ертедегі қолөнершілердің құпияларын біліп, шеберлік сыныптарынан дәріс алып, кизібен, терімен, күміспен, балшықпен жұмыс істеудің көне технологиясын меңгерді.

Фотография

Фотография

«Біз бұл фестивальде ертедегі Болгар әскерлерінің түрлі шайқастарда қолданатын садақтарын, қылыштарын, жігіттік өнерлерін және басқаларын көрсетудеміз. Қазақстанға алғаш келуіміз, өте әдемі ел екен, ең бастысы, сіздер өздеріңіздің ежелгі мәдениеттеріңіз бен дәстүрлеріңізді сақтап қалыпсыздар», - деді болгарлық батыр Явур Гынчев.

Фотография

Фотография

«Алқалы фестивалге қатысқаныма өте қуаныштымын, маған етене жақын халықтардың барлығы осында жүр, біз үлкен мерекеде бас қостық. Ең бастысы - ат спортының ежелгі тарихы, ортақ дәстүрі, ат спортының өркен жаюы», - деді Венгрия өкілі Копачни Габор.

Фотография

Фотография

«Мен Қазақстанға жиі келсем деймін. Мерекеге дайындық өте жоғары деңге йде ұйымдастырылған. Ұйымдастырушылардың арқасында біз Астанаға да барып, «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалайтын боламыз», - деді Словакиядан келген садақшы Петер Мезей.



Возврат к списку