[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Бауыржан Байбек Астанада Алматының мәдени күндерін ашты


12.06.2017

Бүгін «Қазақстан» Орталық концерт залында «Махаббатпен, Алматыдан» атты Алматының мәдени күндері салтанатты түрде ашылды. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында 11-19 маусым аралығында 400- ден астам алматылық артистер астана тұрғындары мен қонақтарын өнерлерімен қуантатын болады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде Астананың рөлі ерекше екенін атап өтті, Мемлекет басшысының Астана халқымыздың бірлігі мен келісімінің, болашаққа деген сенімінің, зор мүмкіндіктерінің символы деген сөзін келтірді.

«Ару Астана –Тәуелсіздіктің символы, Еуразия жауһары, Президентіміздің кемеңгерлігі мен көрегендігінің айғағы. Астана – Қазақстаннның жетістігін, болашаққа деген ұмтылысын айқындайды. Барлық қазақстандықтар жақсы көретін Алматы - ел тарихына тәуелсіздіктің «Алтын бесігі» ретінде енді. Президенттің тұрақты қамқорлығы арқасында Алматы заманауи мегаполиске айналып, европалық қалалармен бәсекеге түсе алады. Астанадағы Алматы қаласының мәдени күндері аясында біз сіздерге Елбасы ұсынған ұлттық жаңарудың жеке ұлттық кодын көрсететін еліміздің бай мәдени мұрасын ұсынамыз», - деді Алматы әкімі.

Б.Байбек Президенттің халықаралық жоғары мәртебесі арқасында «ЭКСПО -2017» көрмесінің Астанада өтіп жатқандығын айтты.

«ЭКСПО – 2017» - бұл заманауи технология мен инвестиция тарту ғана емес, сонымен қатар сананы өзгерту, инновациялық ойлауды қалыптастыру. ЭКСПО - бұл Елбасы ұсынған рухани жаңғырудың бір жобасы», - деді ол.

«Алматыдан махаббатпен» мерекелік концертіне қазақстандық эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Қайрат Нұртас, Айқын, Луина, «Досмұқасан», «Рензо», «Аюми», «Кешью», «Жігіттер» топтары, «Сарын» дуэті, «Салтанат» ансамблі, «Бала дауысы» балалар байқауының женімпаздары және басқалары қатысты.

12-16 маусым аралығында Алматының мемлекеттік қуыршақ театры Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында күніне екі рет қазақ және орыс тілдерінде «Құлыншақ пен бөлтірік» және «Көңілді аюлар» атты үздік спектакльдерін ұсынады.

11-19 маусым аралығында «Алматының этно - ауылы» көрме жәрмеңкесі өтеді, мұнда елу үздік суретші мен қолөнерші өз бұйымдарын ұсынып, шеберлік сыныптарын өткізеді. 17 маусым күні «Сазген сазы» фольклорлық - этнографиялық ансамблі концерттік бағдарлама ұсынады.

18 маусымда өтетін «Асқар таулы Алматы» мерекелік концерті Алматының елордадағы мәдени күндерін қорытындылайды. Аталған концерт «Астана ЭКСПО–2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағындығы амфитеатрда өтеді. Концертке Асылбек Еңсепов, Ерболат Шалдыбеков, Рамазан Стамғазиев, Бейбіт Мұсаев, Сәуле Жұмабай, «Ұлытау», «Арт-Дала», «Алаш Ұлы» топтары, «Жетіген», «Сазген Сазы», «Салтанат» ансамбльдері, Н.Әшіровтың домбырашылары, «Арлан» театры және басқалары қатысады.




Возврат к списку