[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Мыңдаған алматылықтар Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты


09.05.2017

Алматыда Жеңіс күні қала тұрғындары мен қонақтары Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою және Ұлы Отан соғысында құрбан болғандарды еске алу үшін 28-ші гвардияшыл-панфиловшылар саябағына келді.

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек орасан адмдардың құрбандығы арқасында Ұлы Жеңіске қол жеткенін атап өтті. Тұрғындары 6 миллионнан асатын Қазақстан қан майданға өз азаматтарының 20%-ын аттандырды, солардың әрбір екіншісі сұрапыл соғыста қаза тапты.

«Соғыстың барлық майдандарында қазақстандықтар жаумен аянбай шайқасты. Бауыржан Момышұлының, Талғат Бигелдиновтың, Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Маметованың, Сергей Луганскийдің, Леонид Беданың, Нүркен Әбдіровтың және мыңдаған басқа да қазақтандықтардың есімі ұлы ерліктер тарихына алтын әріптермен жазылды. Біздің басты борышымыз – Тәуелсіз Қазақстанда бейбітшілік пен келісімді сақтай отырып, өскелең ұрпақтың ашық аспан астында өмір сүруін қамтамасыз ету», - деді Алматы әкімі.

Ол өзінің сөзінде тылда да қазақстандықтардың жанқиярлық ерлік көрсеткенін, әйелдердің, қарттардың, балалардың жеңіс үшін аянбай еңбек еткенін айтты. Соғыс жылдары барлық өндіріс орындары қан майданға қажет заттар шығарумен болды. Он оқтың тоғызы қазақстандық қорғасыннан құйылды.Республикада жалпыодақтық мыстың 35%-ы, қорғасынның 83%-ы, молибденнің 60% -ы шығарылды.



Бауыржан Байбек өзінің сөзінде майданға аттанған 1 млн. 200 мың қазақстандықтың 160 мыңнан астамы алматылық екендігін айтты. Ол жастардың ерліктері ғасырларға жалғасқан ардагерлерді үнемі құрмет тұтуы тиіс екендігін сөз етті. Қазақстан мен біздің туған өлкеміздің қан майдандағы Жеңіске қосқан үлесі жастардың жадында болуы тиіс.

«Елбасының сындарлы саясаты арқасында біздің еліміз бірлік пен тұрақтылықты, келісімді ту етіп, бейбіт аспан астында өмір сүруде. Діні мен тілі, ұлты бөлек әрбір қазақстандық ертеңгі болашағына үлкен сеніммен қарауда, тамырларын тереңге жайып, ұрпақ өсіруде. Мемлекет басшысы айтып өткендей, Қазақстан туралы сөз бола қалса, біздің қазақстандықтарға құрмет көрсетіледі. Өйткені, біздің ұранымыз- бейбітшілік. Жастар соғыс ардагерлерінің, батыр қазақстандықтардың, солардың ішінде алматылықтардың мәңгілік ерліктерін үнемі есте сақтаулары тиіс. Бұл біздің тарихымыздың бір бөлігі.Патриотизм рухы бәрімізді біріктіріп, ұлы Ұлтымызды мықты етеді», -деп атап өтті Б.Байбек.



Салтанатты шара барысында жиналғандар құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, артынан құрметті қарауылдың шеруі өтіп, мерекелік концерт болды. Роза Рымбаева, Тағат Күзембаев, «ILCanto» квартеті, «Арт-классик тобы, Береке Еңкебаева, Алексей Тимофеев және басқалары «Поклонимся великим тем годам», «Священная война», «Жас қазақ», «Әлия», «Тальяночка», «Сағадат», «Смуглянка» сынды композицияларды орындады.



Салтанатты митингтен соң қала көшелерінде «Қаһарман ұлт» шеруі басталды. ҰОС-на қатысушылардың суреттерінен өзге, әскериқызметшілер жинаған 164 фотосуреттің ішінен ҰОС батырларының 10 фотомозаигі шеруге қатысушылар қолында болды.

Астана алаңында сағат 20:00 ден 22:00-ге дейін «Тағзым!» атты концерт болып, онда «Сағадат», «Темная ночь», «На безымянной высоте», «Кестелі орамал», «Соғыстан қайтқан солдаттар» және басқада әскери әндер орындалады. Салтанатты шара салютпен аяқталады.



Атап өтерлік жайт, Жеңіс күніне орай қалада түрлі акциялар өтуде. Мысалы, мектеп оқушылары «Ескерткіш вахтасы» аясында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ескерткіштері жанында құрметті қарауылда тұруда. Барлық мектептерде «Ерлік сабақтары» өтті. 28 гвардияшыл-панфиловшылар және Тұңғыш Президент саябақтарында, Арбатта түрі шаралар ұйымдастырылды. Оған Ә.Қастеев атындағы қолданбалы өнер және техникалық дизайн мектебінің 302 оқушы- суретшісі қатысты.Жұбанов атындағы музыка мектебі мен Чайковский атындағы коледж оқушылары да өз үлестерін қосты. Ал, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрының артистері Бауыржан Момышұлының, Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Маметованың, Иван Панфиловтың, Талғат Бигельдиновтің, Рахымжан Қошқарбаевтың, Мәлік Ғабдуллиннің, Сергей Луганскийдің тірі бейнелерін сомдады. Даңқ Мемориалы алдындағы алаңда алғыс қабырғалары мен «Біз - батырлардың ұрпағы», «#Біз_жеңіс ұрпағымыз!» атты қондырғылар орнатылды.


Возврат к списку