[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматыда XVII қазақстандық халықаралық «Туризм және саяхат» көрмесі ашылды


19.04.2017

Алматыда XVII қазақстандық халықаралық «Туризм және саяхат» көрмесі жұмысын бастады. KITF 2017 туризм мен саяхат саласында Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі форум болып табылады. Көрменің ашылу салтанатына Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚХР-ның туризм істері жөніндегі Мемлекеттік басқармасы басшысының орынбасары Ду Цзян, көрмелер компанияларының басшылары, дипломатиялық корпус өкілдері және басқалары қатысты.

Алматы әкімі өзінің құттықтау сөзінде мегаполисте қызмет көрсету сервисі мен туристік инфрақұрылымның тұрақты дамып келе жатқанын, елімізге келген әрбір екінші туристің қалада болатындығын атап өтті.

«Бүгінгі күні Қазақстан туристік нарықта өз орнын алуға ұмтылуда, Мемлекет басшысының саясаты арқасында ол үшін барлық жағдайлар жасалуда. Биыл Алматыда дүниежүзілік қысқы Универсиада өтті,Астанада жазда өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі орасан мүмкіндерге жол ашатын болады. Биыл KITF-2017 көрмесіне туризмді дамытуға үлкен назар аударатын әлемнің 30 елінен 500-ден аса қатысушы келді», -деді Б.Байбек.

Көрменің экспоненттері туризм жөніндегі ұлттық және өңірлік басқармалар, қазақстандық және шетелдік туроператорлар, курортты отельдер мен нысандар, авиакомпаниялар мен Әзірбайжанның, Болгарияның,Грецияның,Грузияның, Доминикан Республикасының, Индияның, Индонезияның, Испанияның, ҚХР-ның, Оңтүстік Кореяның, Кубаның, Малайзияның, БАЭ-ның, Татарстанның, Тайландтың, Түркияның, Чехияның және басқаларының интернет- бронберу жүйелері. Бұдан өзге, KITF-2017 көрмесінде Алматы агломерациясының туристік потенциалының тұсаукесері өтті.

Жыл сайын өтетін KITF көрмесі Алматының іскер туристік орталық, сонымен қатар жалпы Қазақстанның туристік әлеуеті жоғары ел ретіндегі имиджін арттыруға оң ықпал етуде. Ішкі нарыққа қатысушыларға халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, ішкі өнімді шығаруға және оны өткізуге орай платформа ұсынылады.

Возврат к списку