[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматыда Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру барысы талқыланды


21.04.2017

Алматыда әкімдік мәжілісінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жүзеге асыру барысы туралы айтылды. Қазіргі кезде Жалпыхалықтық Жоспар негізінде Жолдауда көрсетілген барлық негізгі бағыттар қамтылған қалалық Жоспарды жүзеге асырудың жобасы жасалған.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің сөзінде бюджеттік қаржыны жасау мен жұмсаудың тиімділігіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

2016 жылы қала басшылығы 123 млрд.теңгені үнемдеді, мұндағы 60 млрд.теңге жол айрықтарын, құрылыс және Универсиада нысандарын оңтайландыру, 56,5 млрд.теңге бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және МЖӘ есебінен, 6,5 млрд.теңге мемлекеттік сатып алуды арзандату есебінен үнемделді.

«Әрбір бюджеттік теңге кезек күттірмейтін міндеттерді шешу, жаңа жұмыс орындарын ашу, бюджетті толықтыру сияқты мультипликативті тиімділік беруі тиіс. Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан Алматыда 2016 жылы экономика 2,5%-дан астамға өсті. Биылғы жылдың үш айы ішінде 442,6 млрд. салық пен төлем жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15% -ға көп», - деп атап өтті Б.Байбек.

Мегаполис басшысы қала бюджетінің әлеуметтік бағытқа негзіделгенін айтты. Бүгінгі күні әлеуметтік салаға Алматы бюджетінің тең жартысы жұмсалады.

Мысалы, 2017 жылы білім саласына бөлінген қаржы 25%-ға артып, 106,2 млрд.теңгені құрады. Білім саласының 26 нысанының сейсмикалық қуатын күшейтуге және 7 мектеп құрылысын салуға бөлінген қаржы алғаш рет 2 есеге артты. Мектептердегі лингофонды-мультимедиялық кабинеттерді жарақтандыру 30% дан 100%-ға дейін өсті.

Денсаулық сақтау саласында онкологялық диспансерлер мен психикалық орталықтардың қуаттары күшейтілді. Ал қалаға қосылған Наурызбай ауданында 500 адам қатынайтын емхана, Алатау ауданында морг салынып, 9 нысанның сейсмикалық төзімділігі күшейтілді. Заманауи медициналық жабдықтарға бөлінген инвестиция көлемі 9 есе артты, 8 реанимобиль мен жедел жәрдемнің 32 автомашинасы сатып алынды.

Қала әкімдігі еңбек өнімділігі мен өндірісті жаңартуға ерекше назар аударып келеді. Кәсіпкерлікті қолдаудың Картасы аясында қалада соңғы екі жыл ішінде 2,5 мың жұмыс орны бар 27 жаңа кәсіпорын ашылды. Индустриалды аймақта 38 жоба қолға алынады, соның арқасында 5 мың адамдық жұмыс орны ашылады. Бұлардың барлығын іске асыру үшін 192 млрд. теңгеге жуық инвестиция бөлінеді.

Возврат к списку