[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматы әкімі Сингапурдың мемлекеттік министрлерімен кездесті


20.04.2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Сингапур Респуликасының сауда индустрия және ұлттық дамудың мемлекеттік министрі Ко По Кун және Сингапур Республикасының денсаулық сақтау, коммуникация және ақпарат жөніндегі мемлекеттік министрі Чи Хун Тат бастаған сингапурлық делгеациясымен кездесті.

Кездесу барысында Бауыржан Байбек Алматыны Сингапурдың инвестиция тарту, қаржы қызметі секторы мен туристік кластерді дамыту тәжірибесі қызықтыратынын атап өтті. Сонымен қатар сингапурлық делегацияға Алатау ауданындағы Индустриалды аймақ пен «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА-тың әлеуеттері көрсетілді және «Алматы-2020» қаланы дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда, соның ішінде «smart city» бағыты бойынша ынтымақтастық мәселелері сөз болды.

Өз кезегінде Сингапур Респуликасының сауда индустрия және ұлттық дамудың мемлекеттік министрі Ко По Кун таяу арада біріккен жобалардың пайда болатындығына сенім білдірді.

«Қазақстан бізді қатты қызықтырады. Ұлы Жібек жолы бойына орналасқан ерекше ел Орталық Азия мен ЕАЭО-қа енудің қақпасы болып табылады. Біз Алматы сынды ару қалаға арнайы келдік, ынтымақтастықтық барысындағы ауқымды жоспарларымызды жүзеге асыруда қаланың қаншалықты рөл атқаратынын білетін боламыз. Мен Сингапур мен Қазақстан бизнесмендері түрі салалар бойынша бірқатар нақтылы жобаларды жүзеге асыратынына сенімдімін», - деді Сингапурдың сауда және индустрия министрі Естеріңізе сала кеттейік, бүгін қалада «Алматы-Сингапур» бизнес форумы өтіп, оның жұмысына Сингапур Респуликасының сауда индустрия және ұлттық дамудың мемлекеттік министрі Ко По Кун, Сингапур Республикасының денсаулық сақтау, коммуникация және ақпарат жөніндегі мемлекеттік министрі Чи Хун Тат, Сингапурдың экономикалық даму кеңесінің басшысы Льюнг Фиона, ірі сингапурлық компаниялар басшылары мен бизнес өкілдері қатысты.

Возврат к списку