[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматыда тарихта алғаш рет адамның ашық космосқа шыққандығы туралы фильмнің қазақ тіліне дубляждалған нұсқасының тұсаукесері өтті


06.04.2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Тимур Бекмамбетовтың «Болашақ» президенттік стипендиясының түлектері мемлекеттік тілге дубляждаған тарихта алғаш рет адамның ашық космосқа шыққандығы туралы «Алғашқылар дәуірі» фильмніңтұсаукесеріне қатысты.

«Мемлекет басшысы біздің байлығымыз болып табылатын орыс тілін құрметтеуіміз туралы жиі айтады, бұл- БҰҰ тілдерінің бірі. Өз кезегінде ағылшын тілінсіз ғылымда, мәдениет те, өнерде дамымайды. Ал, мемлекеттік тіл- ана тіліміздің құдыреті жоғары. Ана тіліміз- болашақтың тілі, ол біздің салт- дәстүріміз, біліміміз, халқымызды біріктіретін тіл», - деп атап өтті Б.Байбек.

Фильмде ашық космосқа шыққан космонавт Алексей Леоновтың рөлінде Евгений Миронов ойнайды, оны актер Азамат Қанапия қазақша дубляждаған. Оның досы мен серіктесі Павел Беляевты сомдаған Константин Хабенскийді артист Ғани Құлжанов қазақша сөйлетеді.

«Фильмдегі барлық оқиғалар космоста өтеді, дубляж жасағанда теңсіздіктегі актерді еш тірексіз, ауада қалқып тұрғандай етіп көрсету қажет. Фильмнің түпнұсқасында актерлер 30 градустық аязда әрекет жасайды, ал дубляж жасаған артистерде дәл осындай қақаған суықта қалған, шаршаған, әбден тоңған жанның даусымен сөйлеулері тиіс болды. Басты рөлдерге дубляж жасаған әрбір актерді түсіру күніне 8 сағатқа созылып, олар студиядан әбден қалжырап шығатын», - деді қазақ дубляжының режиссері Айжан Жамшитова.

Арнайы қазақстандық кинокөрермендер үшін фильм актерлары мен Кеңестер Одағының екі мәрте батыры космонавт Алексей Леонов видеоүндеу жасады.

«Қазақстанда бұл фильм алғаш рет қазақ тілінде көрсетіледі. Мен қазақ тілін білмеймін, бірақ мейірімділік пен кәсіби тілдің баршаға түсінікті екенін сеземін. Сіздерге қазақ топырағы үшін рахмет айтамын, өйткені, дәл сол жерде елеулі оқиғалар болды, біз 18 наурызда дәл сол жерден ғарышқа аттандық. Мен ешқашан қазақтың сайын даласын көрмеген едім, кейін адамдар мен осы жерге рахмет айту үшін қайта оралдым», - деп атап өтті ашық космосқа шыққан алғашқы адам.

Кинолентаның жетекші актерлары қазақ тілінде адами ерлік пен фильмді жете сезіну үшін көп нәрсені атқарған.

«Біздің фильм – мүмкін емес нәрселерді қайталап жасаған адамдардың тарихы. Мұнда аты аңызға айналған «Восход-2» кораблінен адамның алғаш рет ашық космосқа шығуы баяндалады. «Байқоңырсыз», Қазақстансыз мұндай ерлікті жасау мүмкін емес еді», - деді өзінің видеоүндеуінде Константин Хабенский.

«Мен бүгін сіздерге «Алғашқылар дәуірі» фильмін ұсынғанымызға өте қуаныштымын. Бұл фильм-өмірлеріне қауіп төнгеніне қарамастан ерлік жасауға ұмтылған ержүрек адамдар дәуірінің ұмытылмас көрінісі, біз мұндай батыр адамдар үшін мақтанамыз», - деді Евгений Миронов.

Қазақша дубляж жасау мен мәліметтер жинау жұмысы (фильмге қазақша дубляж жасау мен мәліметтер жинау Қазақстандағы «Aray Media Group» студиясында жүрді) бір айға жуық созылды.

Тимур Бекмамбетовтың фильмі осылаша алғаш рет қазақ тілінде сөйлей бастады. 2011 жылдан бері қарай «Болашақ» корпоративті қоры 18 шетелдік фильмге қазақша дубляж жасады.

Фильмді қазақша дубляждаған бас актерлер: Азамат Қанапия (Евгений Миронов), Ғани Құлжанов (Константин Хабенский), Бахытжан Әлпейісов (Сергей Королев). Жалпы дубляжға барлығы 25-тен астам актерлар қатысты, олардың арасында Ләйлә Сұлтанқызы, Әділ Ахметов, Ислам Зейнуллаев, Шах-Мұрат Ордабаев, Сағаділдә Үсіпәлиев, Сырым Қашақабаев, Шехназа Қызыханова және басқалары бар. Дубляждың дыбыс режиссері Данияр Байбақов, қайта жазу жөнінідегі дыбыс режиссері Сергей Лобанов. Аудармашы Жандәулет Тұрсынбай.



Возврат к списку