[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматы әкімі жұмыс сапарымен Жапонияда болды


06.04.2017

Алматы әкімі жұмыс сапарымен Жапонияда болып, мұндағы іскер орта өкілдерімен бірқатар екі жақты кездесулер өткізді және Токио қаласының мэрі Юрико Койке ханымен жүздесті.

Тараптар инвестици ялық, сауда -экономи калық салалар және қаланы одан әрі дамыту бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Токио мэрі Алматыда өткен дүниежүзілік қысқы Универсиаданың жоғары деңгейін ерекше атап өтті және Астанада болатын Халықаралық EXPO-2017 көрмесіне табыс тіледі.

«Мен Алматыда болғанмын, қала маған ерекше ұнады, оған деген сүйспеншілігім зор. Сіздің бұл сапарыңыз өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жаңа серпіліс береді деген ойдамын», - деп атап өтті Ю.Койке.



«Tokyo Seiko MFG» компаниясы басқармасының төрағасы Шигето Танак амен болған кездесуде Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта орналасқан «Tokyo Rope Almaty» метиз зауытын салу жөніндегі жобаның екінші кезегін жүзеге асыру мәселелері талқыланды. «Tokyo Rope» компаниясының Алматыда болат өнімдерін шығарумен айналысатын алғашқы жапондық зауыты өткен жылдың қараша айында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевпен өткен телекөпір барысында Жапониядан іске қосылған еді.


Әлемдік рейтингте 10 үздік банктер қатарына енген «The Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ» басшылығымен кездесу барысында Бауыржан Байбек Алматыда біріккен жобаларды жүзеге асыруға ірі қаржы конглометрінің қолдайтындығына сенім білдірді.


Жол қозғалысын басқаратын Токио Орталығында болғаннан соң « Смарт сити» жобасы аясында Алматының даму Орталығы қала трафигін басқарудың осыған ұқсас орталығын құру үшін сараптамалық есептеулер жүргізеді. Өз кезегінде «Алматы Су» холдингі «YYS International Pte» компаниясымен бірге суды тазартудың коагулянтты гранул жүйесін жүзеге асырады.

Алматы делегациясы жұмыс сапары барысында сауда, инвестиция, қызмет көрсету бойынша әлемдегі ең танымал корпорациялардың бірі «Mitsui&Co.» офисінде болды, сонымен қатар «Shimizu» сейсмологиялық компаниясы зерттеу орталығының жұмысымен танысты.




Возврат к списку