[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматы әкімі қоғамдық көліктің Халықаралық одағы бас хатшысының орынбасарымен кездесті


30.03.2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек және қоғамдық көліктің Халықаралық одағы бас хатшысының орынбасары Мохамед Мезгани қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады.

Қоғамдық көлік Халықаралық одағы бас хатшысының орынбасары өзінің сөзінде көбіне қоғамдық көлік әлеуметтік қызмет ретінде қаралатындығын, алайда соңғы зерттеулер қоғамдық көлікті дамытуға жұмсалған әр доллардан төрт доллар жасауға мүмкіндік беретінін айтты.

«Қоғамдық көлік жүйесінің бір километрін салуда бір километр жол жасаумен салыстырғанда төрт есе көп жұмыс орны пайда болдаы, яғни қоғамдық көліктің берері мол. Сондықтан қоғамдық көлікті дамыту тек тұрғындарға ғана емес, қала басшылығы мен бизнеске де пайдалы», - деп атап өтті.

Кездесу барысында Мохамед Мезгани Алматының қоғамдық көлігін реформалаудың кешенді әдісін тізбелеп берді, олар: қоғамдық көліктер үшін арнайы жолақтарды жасау, заманауи ақылы көлік тұрақтары, веложолдар, жүргінші жолы, метро құрылысы және басқалар.

«Көптеген елдерде қоғамдық көлікті реформалау барысында уақыт пен маман кадрлар жетіспейді. Біздің міндетіміз - істі қолға алған ұйым мүшелеріне көмектесу. Бір қала мэрінің айтқан мынадай сөзі бар, кедейлері жеке автомомбильдерді жүргізген ел емес, ауқатты адамдары қоғамдық көлікке отырған ел бай болып саналады. Демек, дамыған қоғамдық көлік ел келбеті», - деді Мохамед Мезгани.

Ол Алматын делегациясын Канаданың Монреал қаласында мамыр айында өтетін қоғамдық көлік Халықаралық одағының саммитінің жұмысына қатысуға шақырды, сонда ғана көлік жүйесін тұрақты дамытудың технологиясы және инновациясымен жақын танысуға болатындығын ерекше атап өтті.

Анықтама: Қоғамдық көліктің Халықаралық одағы- коммерциялық емес ассоциация, әлемге кеңінен танымал қоғамдық ұйым.Ежелгі қоғамдық ұйым ретінде (1885 жылы құрылған) ҚКХО қоғамдық көліктің барлық секторы мен барлық түрін біріктіретін жалғыз ассоциация. Қазақстанда ҚКХО-ның мүшелері-Алматы метрополитені, «Алматыэлектротранс» ЖШС және Астана ЖРК.


Возврат к списку