[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматыда кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау көрсетудің мәселелері талқыланды


27.03.2017

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың бизнес қауымдастығының негізгі мәселелері талқыланған кәсіпкерлердің «Атамекен» Ұлттық палатасының жыл сайын өтетін конференциясына қатысты.

Бүгінгі күні Алматы сауда мен қызмет көрсету 80%-дан, ал ӨЖӨ 34%-дан, кіші және орта бизнестен түсетін салық 50%-дан асатын шикізаттық емес қала ретінде қалыптасты. 2017 жылы қаланы дамыту бюджеті 150 млрд. теңгеге жетіп, 26 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, 4,5 мыңнан астам кәсіпкер мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етіледі.

«Мемлекет басшысының қолдауы арқасында дағдарысқа қарсы шаралар аясында инфрақұрылымдық жобалар мен тұрғын үй салуға 2016 жылы республикалық бюджеттен 32,9 млрд. теңге, соның ішінде «Нұрлы Жол» бойынша 19,7 млрд. теңге бөлінді. Дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша жергілікті бюджеттен қосымша 43 млрд. теңге жұсалды. Алматыда соңғы екі жыл ішінде кәсіпкерлікті қолдау Картасы бойынша өнім өңдеу өнеркәсібінің жаңа 27 өндірісі ашылды.БЖК-2020-ның бекітілген жобаларын жүзеге асыру бойынша қала бірінші орынға шықты», - деп атап өтті Б.Байбек.

Ол өзінің сөзінде коммуналды объектілерді жекешелендірудің жүріп жатқандығын, мұнда Yellow Pages принципі бойынша бизнес ұсынған қызметті мемлекеттің атқармайтындығын жеткізді. Алматы әкімі оңтайландырылған қаржы көздерін мультипликативті тиімділігі жоғары жобаларға жұмсап, ШОБ ынталандыруға бағыттау қажеттігін атап өтті.

Мысалы, 2016 жылы бюджетті оңтайландыру барысында тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсетуге 16,6 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Алғаш рет жергілікті бюджеттен 100 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек көрсетілді. 3 млрд. теңгеден астам қаржы бала бақшалардағы балдырғандарды қолдауға бөлінді. Осының арқасында ата- аналардың ай сайынғы төлемі 23 мың теңгеге қысқарды.

Жалпы, қала бойынша Кәсіпкерлер палатасымен бірге бизнесті одан әрі дамыту барысында нақтылы шаралар жүзеге асуда. Мысалы, кәсіпкерлер Палатасы техшараларға монитор жасау үшін монополистер туралы мәлімет алуға жол ашты. ҰКП-ның және бизнестің өкілдері түрлі органдардың консультативті кеңестеріне қатыса бастады. Жергілікті сипатқа мониторинг жүргізу жөніндегі Комиссия жұмысы бойынша Алматыда қазақстандық үлес 2 есе артып, 54% құрады.

«DAMU» қорымен бірігіп, биыл екінші жыл құны 8 млрд. теңге болатын қалалық «Жібек жолы» бағдарламасы жүзеге асырылуда, сауда мен қызмет көрсету саласының 127 жобасына қолдау көрсетілуде. Кәсіпкерлердің өңірлік Палатасының ұсынысы бойынша құны 4 млрд. теңге болатын «Алматы-өнім», «Алматы-инновация», «Алматы-туризм» атты несиелік жобалар қолға алынды.

Қаланың Индустриалды аймағында машина жасау, құрылыс, жеңіл, химия, тамақ және фармацевтік өндіріс салаларының әлеуеті артуда, мұнда құны 174 млрд. теңге болатын 38 жоба жүзеге асырылуда. Соның арқасында 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Өндірістің 50%-дан астамы экспортқа өнім шығаруға бағытталған.


Возврат к списку