[email protected]

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫ

Алматы әкімі 2017 жылғы Универсиада нысандарының дайындығын тексерді


20.02.2017

Атлеттер ауылында қала әкімі Алатау ауданындағы алғашқы фитнес-орталықтың, «MARWIN» отбасылық дүкендер желісінің жұмысымен танысты, сонымен қатар жақында ашылған супермаркетке қойылған тауарларды көрді. Бауыржан Байбек отандық өнімдер, сувенир бұйымдары, киім мен спорт тауарлары және басқалары қойылған жаңа дүкенде сауда жасады.

Алматы әкімінің кезекті жұмыс барысы сапарында «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплині кешенінде орналасқан Универсиаданың басты операциялық және ақпараттық орталығының дайындығы да көрсетілді. Бауыржан Байбек қалалықтардың қауіпсіздігін, жайлы өмірін қамтамасыз ету мен басқа да кешенді мәселелерді шешу ісі одан әрі жалғасын табатындығын, ал бұл Алматыға деген туристік қызығушылықты арттыратындығын айтты.

Назарларыңызға, Халықаралық қысқы студенттер ойындары Алматыда 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында спорттың 12 түрі бойынша 8 спорт нысандарында өтеді. Мысалы, «Алматы Аренада» Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаттары, мәнерлеп сырғанау мен керлингтен, «Халық Аренада» ерлер арасындағы шайбалы хоккейден, «Медеу» мұз айдынында конькимен жүгіруден, «Шымбұлақта» тау шаңғысы, сноуборд, фристайлдан, «Сұңқар» ХШТК-де шаңғымен трамплиннен секіруден, шаңғы қоссайысынан, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайынының негізгі аренасында шайбалы хоккейден (әйелдер), кіші аренада шорт-тректен, «Алатау» шаңғы биатлоны кешенінде тау шаңғысынан, биатлоннан, шаңғы қоссайысынан, «Табағанда» Биг Эйр және шаңғы акробатикасынан жарыстар өтеді.


Возврат к списку