Алматы қаласы Туризм басқармасы

БҰҰБТҰ-на Мүшелік

1.jpg

Бүкіләлемдік туристік ұйым (World Tourism Organization)- Біріккен Ұлттар Ұйымының мекемесі.  Туризм саласындағы жетекші халықаралық ұйым. БТҰ-ның бас ассамблеясы өз мекемесінің қысқартылған БҰҰБТҰ (UNWTO) атауын бекітті. БҰҰ (UN) Біріккен Ұлттар Ұйымының қысқартуы енгізілді. 

Штаб-пәтері Мадрид қаласында (Испания). Бүкіләлемдік туристік ұйым тұрақты және жалпы қолжетімді туризмді дамытумен айналысады. Бас хатшы — Талеб Рифаи (Иордания).

Аталған ұйым 1925 жылы Гаагадағы ресми туристік ассоциациялардың  халықаралық конгрессі ретінде құрылған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін  құрамында 109 ұлттық туристік ассоциациялар және 88 ассоциацияланған мүшесі бар  ресми туристік мекемелердің  халықаралық одағына ауыстырылған (Женевадағы штаб-пәтерімен).

1967 жылы БДСҰ, ЮНЕСКО-ның басқа мекемелерімен ынтымақтастық ететін үкіметаралық органға өзгертілген. 1969 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы ресми туристік мекемелердің халықаралық одағының туристік саладағы маңыздылығын растайтын хаттама қабылдады. 1974 жылы Халықаралық одақ Бүкіләлемдік туристік ұйым ретінде  құрылды. Бірінші бас ассамблея 1975 жылғы мамырда Мадрид қаласында өткізілді. Испандық үкіметтің  шақыруымен хатшылық Мадрид қаласында орналастырылды. 2003 жылы БҰҰБТҰ  Біріккен Ұлттар Ұйымының  арнайы мекемесі статусын алды.

2006 жылы Бүкіләлемдік туристік ұйымның құрамына 150 мемлекет, 7 аумақ және жеке сектор кәсіпорындары, оқу орындары, туристік ассоциациялар және жергілікті туристік әкімшіліктердің мүддесін танытатын 300-ге тарта  ассоциацияланған мүшелер кірді.

Қазақстан Республикасы БҰҰБТҰ құрамына Бүкіләлемдік туристік ұйымның Нақты мүшесі ретінде 1993 жылы кірді, қазіргі уақытта ұйымның құрамында 155 мемлекет бар.

Айта кетерлік жайт, Бас ассамблеяның 18-ші сессиясы 2009 жылғы қазан айының 5-8 аралығында  Қазақстанның Астана қаласында Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткізілді.

Алматы қаласы Туризм басқармасы 2012 жылғы 6-7 қыркүйек аралығында Баку қаласында (Әзірбайжан Республикасы)  өткен «Жібек Жолы дәмі» гастрономия, мәдениет және туризм бойынша халықаралық конференциясына қатысуы шеңберінде БҰҰ-ның Бүкіләлемдік туристік ұйымының бас хатшысы Талеб Рифаи мырзамен салтанатты кедесу, барысында Алматы қаласын БҰҰБТҰ-ның Қосылған мүшелерінің құрамына енгуге ресми түрде сұраныс білдірді.


 2.jpg

Алматы қаласы үшін аталған халықаралық беделді ұйымға кіру туристік сектор дамуының жаңа деңгейге көтерілгендігін білдіреді. Жекелей алғанда қалалық туризмі, тау шаңғы туризмі, Жібек Жолын қайта жаңғырту, шетелдік инвестицияларды тарту және халықаралық туристік нарықта бәсекелестікті қамтамасыз ететін әр түрлі деңгейдегі халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға  және өткізуге септігін тигізеді.  

БҰҰБТҰ-ның  жаңадан қосылған мүшелер бағдарламасының Директоры Еланда 
Пердомоның «Алматы қаласы Туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік 
мекемесінің  БҰҰБТҰ құрамына кірегендігі туралы хаты.


БҰҰБТҰ-ның  мүшелігіне кіргендігі туралы сертификат.