reception@almatytourism.kz

  8(727)272-33-90

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Лицензиялау

Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңының 48 бабның  1-ші тармағына сәйкес лицензия және лицензияға қосымша лицензияланатындардың  тізбесінен  қызметтің  жекелеген түрі және (немесе) кіші түрі алып тасталса тоқтатылады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы»   заңының  48 бабының  2-ші тармағына сәйкес Лицензияның  және (немесе) лицензияға  қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға міндетті.(Туризм индустриясы комитеті ИЖТМ).

Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» Заңның 15-ші  бабына сәйкес  туристік қызметті жүзеге асыру үшін туроператорда және турагентте туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық  жауапкершілігін міндетті сақтандырудың жарамды шарты болған кезде  және сақтандыру полисінің көшірмесін Туризм индустриясы комитетіне  жолдап, туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін  бекітілген тәртіпке сәйкес  өтініш(ЖСН,  БСН, СТН міндетті түрде көрсетілуі тиіс) өткізілсе  туроператорлық және турагенттік қызметті жүзеге асыруға жол беріледі.(Осы тізім  2008 жылғы  23 ақпандағы Қазақстан Республикасының  Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының N 01-08/180 Бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде№ 5350 бойнша 2008 жылғы 30 қазанда тіркелген.)

Cонымен бірге,  Қазақстан туристік  ассоциациясы құрған Турагенттердің  бірыңғай тізімі  міндетті сипатта емес, ерікті екенін хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы  15шілдедегі«Кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес 2012 жылғы  30 қаңтардан бастап турагенттік қызметті лицензиялау  тоқтатылады, яғни турагентік қызмет ешбір  лицензиялар алусыз жүзеге асырылады, мемлекеттік лицензияның болуы тек туристік операторлық қызмет үшін қажет болады.

Бірақ ,турагенттурагенттің азаматтық-құқықтық  жауапкершілігін міндетті  сақтандырудың келісім шартына отырғаннан кейін, бес жұмыс күні ішінде Туризм индустриясы департаментіне, Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігіне  туристік қызметті жүзеге асырушы тұлғалар тізіміне  мәліметтерді енгізу туралы өтініш жолдауы тиіс.

Турагент  туристтерге  туроператормен өңделген, Қазақстан Республикасының  заңнамаларына сәйкес  туристік өнімді  өткізе алады.

Турагенттің туристік өнімді өткізуі немесе сатуы туроператормен  туристік өнімді жүзеге асыру туралы жазбаша түрде отырған  турагенттік келісім шарт негізінде жүзеге асырылады.

Туристік өнімді өткізу туралы туроператормен турагент арасында қабылданған  турагенттік келісім шартта  туристік өнімді дайындаған  туроператор туралы ақпарат,азаматтық-құқықтық  жауапкершілікті міндетті  сақтандырудың  туроператорлық  турагенттік келісім шарты, туристік маршрут сипаттамасы,туристік өнім туралы нақты ақпарат болу тиіс.

  1. Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңынан үзінді
  2. Туроператорлық, турагенттік қызметті, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметті
  3. ТУРИСТТЕР ҮШІН ЕСКЕРТПЕ
  4. ТУРИСТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
  5.  Туристік қызмет көрсетудің үлгі шартын бекіту туралы
  6. Арыз үлгісі ЖК
  7. Арыз үлгісі ЖШС
  8. Қызметкерлердің саны және болуы туралы құжат
  9. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізбесі және туристік маршруттар мен жолдардың мемлекеттік тізбесін жасау және жүргізу ережесін бекіту туралы