[email protected]

  8(727)394-85-18

Сайттың түсі: Ц Ц Ц Шрифт өлшемі: А+ А А-

Мобильді нұсқа

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

  • Сәлемдесу
  • Стратегиялық жоспарлар
  • "КӨК ЖАЙЛАУ" тау шаңғы курорт жобасы
  • БҰҰБТҰ-на Мүшелік
  • Негізгі көрсеткіштер
  • Туристік-ақпараттық орталығы
  • Мемлекеттік сатып алу
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеті
  • Лицензиялау
  • Жаңалықтар мен уақиғалар мұрағаты
  • Бос орындар

Алматы қаласы Туризм басқармасы

2015 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп

2015 жылы Алматы қаласы Туризм басқармасы мынадай іс-шаралар өткізді:

22-24 сәуір аралығында «KITF - 2015» Халықаралық туристік көрмесі болды. Биылғы жылы KITF-ке әлемнің 41 елінен 550 компания қатысты, олардың ішінде 20 ел ұлттық стендтерін ұсынды. Алматы қаласының туристік әлеуеті 40 шаршы метрлік жабдықтап, безендірілген алаңда орналастырылды. Қаланың жетекші туроператорлары мен ірі қонақ үй кешендері қатысты. Алматының туристік өнімінің таныстырылымы болды. Көрменің ашылуында велорикша тұсаукесері, «Алматы: басынан аяғына дейін» атты қаланы жетік білуге арналған викторина өткізілді.

23-24 маусымда ІІ Халықаралық қонақ үй форумы өтті. Форум барысында экономикалық құлдырау кезеңі туындатқан мәселелер мен отельерлер әрекеті, Орта Азия елдерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасында халықаралық қонақ үй бизнесінің даму үрдістері, отельдердің клиенттермен толығуын ұлғайту тәсілдері, қызметкерлерді үздік қызмет көрсетуге ынталандыру әдістері талқыланды. Форум жұмысына Франциядан, Гонконгтан, Грузиядан, Ресейден және басқа елдерден халықаралық сарапшылар қатысты.


Туристік өнімді ілгерілету және жағымды туристік имидж қалыптастыру мақсатында 2015 жылы Алматы қаласының туристік әлеуеті Берлин, Мәскеу, Дубай, Гонконг қалаларындағы халықаралық көрмелерде, сондай-ақ Астана, Ақтөбе, Шымкент қалаларындағы отандық көрмелерде таныстырылды.

2015 жылғы 15 маусымнан 15 қыркүйекке дейін Алматы қаласы Туризм басқармасының тапсырысы бойынша  КАГиР қонақ үй қорына зерттеу жүргізді және Алматы қаласындағы жайғастыру орындарының рейтингін анықтады. Жоба аясында 165 қонақ үй мен басқа да жайғастыру құралдары қарастырылды.

Гонконг, Швеция, Ұлыбритания,  Италия, Германия, Финляндия, Австралия, Қытай және басқа да шет елдердің жетекші туроператорлары мен БАҚ-ы үшін отелдерді аралата, Алматы қаласы туроператорларымен кездестіре отырып, 2 ақпараттық тур өткізілді.

Алматы агломерациясын 2020 жылға дейін дамыту жөніндегі аймақ аралық іс-шаралар жоспары аясында аймақтық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Алматы және Алматы облысы бойынша халықаралық және ішкі нарық үшін барынша тартымды бағыттарды анықтау үшін ақпараттық тур өткізілді. Ақпараттық тур құрамында туроператорлар, БАҚ өкілдері, экскурсоводтар, маркетологтар және т.б. болды. Ақпараттық тур аяқталғаннан кейін турды талқылау және осы бағытта қызмет көрсету және сервис сапасын арттыру үшін ұсыныстар тұжырымдау үшін жиналыс өткізілді.

Туристік сала нысандарына мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді жағдай жасау талабының сақталуы бойынша түгендеме (паспорттау) жүргізілді. Түгендеме (паспорттау) барысында әлеуметтік инфрақұрылым, оның ішінде туристік, мәдени, спорттық нысандар (қонақ үйлер, туристік фирмалар, көрнекті орындар, музейлер, сауда орталықтары, спорттық нысандар, театрлар, парктер және т.б.) қамтылды. Алматы бойынша барлығы 107 нысан қарастырылды. Нысандардың қолжетімділігінің бекітілген паспорттарын талдау негізінде жұмыс тобы Жиынтық ақпараттық ведомость жасады.

Басқарма құрған Алматы қаласының Туристік ақпараттық орталығының 2012 жылы 2 ақпарат тарату нүктесі бар еді: қала орталығындағы кеңсе және Алматы қаласы халықаралық әуежайындағы ақпараттық пункт. 2015 жылы ақпараттық нүктелер саны 35-ке дейін ұлғайды. Олар туристерге барынша танымал жерлерді қамтиды, бұған қаланың отельдері мен музейлері кірген. Тұғырларда үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарнамалық-имидждік өнім (буклеттер, жол нұсқаулар, брошюралар, карталар) таратылады. Тегін туристік анықтамалық-ақпараттық желі жұмыс істейді.

Басқарма төмендегілерге қатысты:

- «Қазақстан Республикасы туризм индустриясының үздік мамандары» Қазақстан Олимпиадасының «ТиПО, ЖОО туризм бойынша педагогтар, үздік оқытушылар» номинациясы, «Ішкі және сырттан келушілер туризмі. Қазақстанның туристік ресурстарын білу» номинациясы;

- Lacock Gullam (Лондон, Ұлыбритания) студиясының негізін қалаушы, қала ландшафты мен навигациясы дизайнері – Сэм Галлэмнің Алматы брэндингіне арналған шеберлік сыныбы;

- Алматы облысы Туризм басқармасы ұйымдастырған «WORKSHOP-ZHETYSU TRAVEL-2015» іс-шарасы;

- V sabre Корпоративтік Саяхат 2015 Халықаралық конференциясы. SCTC 2015-тің биылғы жылғы тақырыбы «Іскерлік Сапарларды ұйымдастыру – Үнем, Ұтқырлық, Сапа» болды;

- Жібек жолы мәдени мұрасын дамыту бойынша ЮНЕСКО форумы;

- әлеуметтік-экономикалық даму және бағдарламалар басымдықтары бойынша сарапшылардың консультативтік жиналысына қатыстық. Сарапшылардың консультативтік жиналысын БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Солтүстік және Орта Азия үшін Субаймақтық бөлімшесі Азия мен Тынық мұхит (ЭСКАТО) үшін ұйымдастырды. Солтүстік және Орта Азиядағы әлеуметтік және экономикалық даму мәселелері қаралды;

- және тағы басқа іс-шаралар.

«Primeworks Studios Sdn.Bhd» продюсерлік орталығына және Малайзияның «TVЗ»  телевизия компаниясына «Spiceroutes» (Дәмдеуіштер жолы») телехабары үшін Қазақстан, оның ішінде Алматы қаласы туралы деректі фильм түсіріліміне қолдау көрсетілді.

«Әл-Джазиира» халықаралық телекомпаниясының (БАӘ) хабар түсірілім жұмысына қолдау көрсетілді, Әйгілі жүргізуші Джон Уореннің «Поедем, поедим» деген хабары үшін түсірілім жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ Малайзияның түсірілім тобына «TVЗ» телевизия компаниясының деректі фильм түсіріліміне қолдау көрсетілді.

Қазақ спорт және туризм академиясы базасында туризм нұсқаушылары және гид-экскурсоводтар даярлау курсы өткізілді.